Page 16 - Книга1
P. 16
Бэзил өз еңбегін үлкен қиындықпен таниды және портрет бойынша
барлық өсектердің шын екендігіне көз жеткізеді. Грей Холлуордты
бірден өлтіреді, себебі Дорианның ойынша, оның нашарлаған
мінезінің кесірі суретшіде жатыр. Өлтіруден кейін Дорианды бастан
кетпейтін ойлар мен қорқыныш сезімі мазалайды. Опиумдық
қордасында кек алуды армандаған Джеймс Вэйнмен кездейсоқ
көрісуден кейін, қорқыныш күннен күнге күшейе береді және Дорианды
азапқа салады.Дориан өз он сегіз жастық көрікті келбетін қолданып,
Вэйнді оны қателікпен басқа адаммен шатастырғандығына сендіреді
және оны еркіне қоюға нандырады. Осы көндіруге қарамастан, Вэйн
өз қателігін тез түсінеді және қайтадан Дорианды іздеуді бастайды.
Дегенмен, ол аңшылық барысында кездейсоқта атылып қайтыс
болады.Қауіп-қатерден құтылғанына қарамастан, Дориан дамыл
таппайды және оңалуды шешеді. Ол Дорианға ғашық болған шаруа
әйелді босатып жібереді. Оның ойынша, әйелді қарабет
етпегендіктен, осы әрекет оның жақсы істеріне жинақталады және
портреттегі келбет жақсарады, бірақ портреттегі Дориан еш
өзгермейді. Сонда Дориан оның ойларымен менменшілдік билегеніне
көз жеткізеді. Күнәларының жалғыз куәгерін жоюға деген ұмтылысқа
негізделе отыра, жас жігіт портретке пышақ сұғады, сосын өзі мерт
болады. Осы кезде үйдің жанында бара жатқан екі джентельмен
кейбір дыбыстарды естіп, көмектескілері келеді. Алайда үй иесі
Дориан Грей болғандықтан, оны менсінбей, көмектесуден бас
тартады: оның бұзақы даңқы барлығына танымал болды. Біраздан
соң, үй қызметшілері көрікті жас Дорианның келбетін қол тимеген
қалыптағы портретте көреді, ал оның жанында өзіне пышақ салған
жиіркенішті шалдың денесі жатады (мерт табудың кезінде Дориан
Грейдің жасы отыз сегізге теңеді). Осы қарт саусақтарындағы
сақиналар арқылы Дориан Грей ретінде танылды.

