Page 15 - Книга1
P. 15

Бэзил Холлуорд суретшісі жас және көрікті Дориан Грейдің
      портретін салады. Өз портретіне сүйсініп, жас жігіт өз ықыласын

      білдіреді. Дориан портреттің қартаюын, бірақ өзінің мәңгі жас

      қалуын қалайды. Сосын ол кенеттен Бэзилдің досымен, лорд Генри
      Уоттонмен кездесіп қалады. Лорд Генри Уоттон – Виктория

      дәуірінің дәстүрлі құндылықтарын жек көретін, мысқыл гедонист.

      Дориан осы достың көзқарастарының әсеріне түсті. Бозбала жас
      сұлу актрисаға, Сибила Вэйнға, ғашық болды, бірақ сәтсіз

      спектакльден кейін, Дориан оны өрескел тілмен сынға салып,

      достарымен кетеді. Келесі таңда ол Сибила Вэйнға үйленуді жөн
      көреді, себебі олар бұрын атастырылған болатын. Алайда Дорианға

      Сибиланың өз-өзін мерт қылғаны туралы хабар жетеді. Осы

      забардан кейін Дорианның өзі сырттай өзгерген жоқ, бірақ оның

      портреттегі жүзі мейірімсіз, ашулы келбетке өзгерді.Сибиланың
      ағасы, теңізші Джеймс Вэйн, өшін алуға ант береді. Генридің жаман

      әсеріне түсіп, Дорианның мінезі қырсық және бұзық болып, күннен

      күнге нашарлайды (романда опиум шегуден басқа, басты
      кейіпкердің басқа кесірлері көрсетілген жоқ). Осы өзгерістер

      портреттің келбетіне ықпал етеді, бірақ Дорианның өмірдегі

      келбеті, жастық сұлулығы өзгеріссіз қалады.Бэзил Холлуордта

      теория бар: адамнық әр әрекеті оның сырт келбетінде іс
      қалдырады, яғни жаман істер көріксіз келбетке әкеледі. Бірнеше

      жылдан кейін суртеші Дорианмен кездеседі: Дорианның келбеті

      өзгеріссіз көрікті қалады, алайда Бэзил оның бұзық өмір салты
      туралы көп естиді. Оңаша әңгімелесуде Бэзил Дорианға досы

      туралы естіген сыбыстарын айтып, одан жауап күтеді. Сонда жас

      жігіт өз көріксіз, жағымсыз портретін көрсетеді.
   10   11   12   13   14   15   16   17   18