Page 5 - Книга1
P. 5

Олардың кезекті кездесуі незерфильдік балда орын алады. Бұл

        балға мистер Бингли өзінің әпкелері мисс Бингли және миссис

        Херстпен бірге келеді. Сонымен қатар, оның досы мистер Дарси
        да бұл балда болады. Жалақысы жөніндегі гуілдеген өсек-

        аяндардың арқасында мистер Дарси айналасындағыларға жақсы

        әсер қалдырады. Алайда, кейін мистер Дарсиды тым тәкаппар,

        менменшіл деп танған жұрт, өз ойларын өзгерте бастайды.
        Ешкіммен танысуға да құлқы жоқ, айналасындағы сұлу қыздарға

        да назар аударып, биге шақырмайды деген пікірлер қалыптаса

        бастайды. Ал мистер Бинглидің айы оңынан туады. Оның
        Беннеттер отбасының үлкен қызы Джейнге көзі түседі.

        Джейннің де оған көңілі ауып, ғашық болады. Мистер Бингли

        Дарсидің назарын Беннеттер отбасының екінші қызы Элизабетке

        аудартпақшы болады. Алайда, мистер Дарси оған оның
        ұнамайтынын әрі талғамына сай келмейтінін жеткізеді.

        Олардың жақын отырып, бұл әңгімелердің куәсі болған Элизабет

        ішінен мистер Дарсиді жек көріп, ұнатпай отырады. Сонымен
        қатар, мистер Дарси жайлы теріс пікір қалыптастырады.





        Кейін мистер Бинглидің әпкелері мисс Бингли және миссис Херст

        Джейнді түскі асқа шақырады. Бұған шексіз қуанған миссис
        Беннеттің төбесі көкке жетеді. Ол қызын нөсер жаңбыр

        астында салт атпен жібереді. Бұл жағдайдан соң Джейн қатты

        ауырып, үйіне қайта алмайды. Әбден қиналған Джейн өзінің
        сырлас құрбысындай болған сіңілісі Элизабетке хат жазып, оны

        Незерфильдке шақырады. Элизабет ауру әпкесі үшін мистер

        Бинглидің үйіне жаяулатып жетеді. Мистер Бингли Элизабетті
        әпкесіне қарайласу үшін жанында оңаша қалдырады. Элизабет

        незерфильдік тұрғындарды жақтырмайды. Әпкесіне шын жаны

        ашып, қамқор болып жүрген тек мистер Бингли болатын. Ал,
        оның әпкелері мисс Бингли мен миссис Херсттің Джейннің

        жағдайы жөнінде шаруалары жоқ еді.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10