Page 6 - Книга1
P. 6

Бірте-бірте мистер Бингли Джейнге ғашық бола бастайды.

                  Ал Дарсидің Элизабетке көңілі ауа бастайды. Алайда,
                  Элизабет оның ұнатпайтынына сенімді еді. Сонымен

                  қатар, әпкелі-сіңлілі Беннеттер қыдырып жүріп, мистер

                  Уикхеммен жолығады. Мистер Уикхем олардың көңілінен

                  шығып, сенімдеріне ие болады. Олар мистер Уикхем жайлы
                  оң көзқарас қалыптастырады. Кейін мистер Уикхем

                  Дарсидің ұнамсыз қылықтарын Элизабетке айтып, өзіне

                  жасаған жамандығы үшін шағымданады. (жаңылыс). Ал

                  Дарси болса, Беннеттердің өзінің теңі емес екенін сезеді
                  (тәкаппарлық). Және де Элизабет пен мистер Уикхемнің

                  достық қарым-қатынасын жақтыртпайды.

                  Осылайша күндер өтіп жатады. Кезекті незерфильдік
                  балда мистер Дарси жақын досы мистер Бинглидің Джейнді

                  қатты сүйетінін байқайды. Жиындарда Беннеттер

                  отбасы сыпайылық пен мәдениеттіліктерін көрсете
                  алмайды. Әрине, бұл қатарға Джейн мен Элизабет

                  кірмейтін еді. Бір күні Беннеттер отбасына мистер

                  Коллинз атты туыстары келеді. Оның бар ойы —
                  Беннеттер отбасынан бір қызға үйлену еді. Осылайша, ол

                  Элизабет Беннетке ұсыныс жасайды. Алайда, ол ұсынысты

                  қабыл алмайды. Бұған миссис Беннет ашуланып, қызына
                  қатты ренжиді. Сонан соң, мистер Коллинз көп ұзамай

                  Элизабеттің жақын досы әрі көршісі Шарлотта Лукасқа

                  ұсыныс білдіреді. Шарлотта бұл ұсынысқа бірден келісе

                  кетіп, екеуі үйленеді. Бұл уақыттарда незерфильдік
                  тұрғындар белгісіз себеппен Лондонға көшіп кеткен еді. Ал

                  олардың қайтып келу, келмеуін ешкім білмеді. Джейн

                  болған жайтқа қатты қайғырып, күйзеліске ұшырайды.

                  Элизабеттің ойынша, бұл мисс Бингли мен мистер Дарсидің
                  Джейн мен Бинглиді айыруға бағытталған іс--әрекеттері

                  еді.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11