Page 7 - Книга1
P. 7

Көктем келгенде Элизабет жақын досы Шарлотта Лукасқа
            қыдырып барады. Сол жақта, Розингс саябағында тұратын

            Дарсидің тәтесі Кэтрин де Бер Элизабетті жиі шақырып

            тұрады. Кейін мистер Дарси де тәтесіне қонаққа келеді. Бұл
            жақта Элизабет Дарсидің немере ағасы полковник

            Фицуильяммен танысады. Олар бірнеше рет әңгіме-дүкен

            құрады. Кезекті әңгімелердің бірінде полковник Фицуильям өзінің

            жиені Дарсидің жақын досын «тең емес некеден» құтқаруы
            жайлы айтқанын жеткізеді. Элизабет бұл әңгіменің Джейн мен

            Бингли жайлы екенін сезеді. Оның Дарсиге деген жек көрініш

            сезімі арта түседі. Бір жолы Дарси Элизабетке келіп, өз
            махаббатын білдіріп, сүйетіндігін айтып, ұсыныс жасайды.

            Алайда, ашуға булыққан Элизабет оған қатты айқайлап

            тастайды. Оның әпкесінің өмірін ойрандағанын, мистер
            Уикхемге жамандық жасап, адамдарға тәкаппарлықпен

            қарайтынын айтып, ішіндегісінің бәрін жайып салады. Дарси

            үнсіз ғана кетіп қалады. Кейін саябақта Элизабетке хат жазып,
            қолына ұстатып кетеді. Бұл хатта Элизабеттің айтқан

            шағымдарына жауаптар бар еді. Бірнеше уақыт өткен соң

            Элизабет өз қателігін түсініп, жаңылысқанына көзі жетеді.

            Кейін Дарси Элизабетке қайта ұсыныс жасайды.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12