Page 10 - китап копия
P. 10

Бірге  тумақ  болғанмен, бірге  жүрмек  жоқ







                               Бір  шалдың  3  ұлы  бар  екен.  Қартайғанда  көзі  тірісінде  үш
                  баласына еншілерін бөліп бергісі келіп жерге  9 қазық қағыпты да, әр қазыққа
                  қорадағы қойларды шетінен көгендей беріпті. Бірінші қазыққа бір қой, екінші

                  қазыққа екі қой, үшінші қазыққа үш қой ... тоғызыншы қазыққа тоғыз қой.
                  Шал  балаларына  мына  қойларды  әр  қайсысың  үш  қазықтан  алып,  бөліп
                  алыңдар депті. Балалары қазықтардағы қойлардың саны бірдей емес қой десе,

                  шал әр қайсың 3 қазықтан тең алсаңдар қой сандарың тең болып еншілерің
                  бірдей болады депті. Балалар қалай бөліседі?










                                                         Шешімі:  алдымен  барлық  қой  санын  біліп

                         алайық.  Қазық  ретіне  қарай  қой  саны  болғандықтан  45  қой  бар  екен.
                         Балалар  3  болғандықтан  әр  баласы  15  қойдан  алу  керек.  3  қазық  +5

                         қазық+7 қазық – 15 қой, 2 қазық + 4 қазық + 9 қазық – 15 қой,
                         1 қазық + 6 қазық + 8 қазық – 15 қой.















                                           «Жалған тиын»

                                                                               Ақша тиыннан құралады







                                    Барлығы төрт дөңгелек күміс тиын бар. Бірақ оның бірі жалған
                         тиын,  салмағы  жеңілдеу  боп  келеді.  Тек  қана  екі  рет  таразыға  өлшеп
                         тарту арқылы жалған тиынды қалай анықтаймыз?
                         Шешімі: таразыға 4 тиынды екеуден салып тартамыз. Қай жағы басым

                         тұрса, ол шынайы тиындар болғаны. Ол тиындарды алып қоямыз. Енді
                         жеңіл  тартқан  таразы  басындағы  екі  тиынды  екі  басына  салып
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15