Page 6 - китап копия
P. 6

«Көп баланың ортасында шал -  бала болады,


                                    Көп шалдың ортасында бала – дана болады»

                      Бұрындары  баланы  қарттар  ертіп  жүріп  есті  әңгіме  тыңдатып,  көрсетіп
                  жүріп  көп  шаруаның  басын  қайыртып  тәрбиелеген.  Көненің  асылы  болған
                  қарттарымыздың бауырында өскен қай бала жетесіз боп еді?! Ұлы Даланың

                  көнекөздері  ұлын  қияға  қаратып,  қызын  үкілеп,  тәрбиесіне  жете  мән  беріп,
                  білімнің  нәрін  сіңіріп  отырған.  Халық  өз  нәтінде  қай  ғылымның  да  негізін

                  жұмбақ,  жаңылтпаш,  есеп  –  қисап,  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  танытып
                  отырған.  Мұнда  біз  ұлттық  сонылығымызды  тани  отырып,  баланың  ойлау
                  машығы мен есептеу біліктерін дамытып көретін боламыз. Қазақ халқының
                  ауызша тараған есеп-қисаптары, жұмбаққа толы ауыз әдебиеті үлгілері әлі де

                  болса  зерттеліп  көрген  емес.  Байырғы  халқымыздың  тұрмыс-  тіршілігінен
                  көрініс  тапқан  ғылымның,  жаратылыстың  кереметтігі  сонда,  ұрпақтан-
                  ұрпаққа  ауызша  жетуінде,  қалыбын  бұзбай  сақталуында.  Бұл  әдістемелік

                  құралда  берілген  жұмыстарды  математикадан  және  әдебиеттік  оқудан
                  қосымша  жұмыс  нұсқасы  ретінде  ұсынып,  қызығушылықты  арттырып,
                  логикалық  ойлау  қабілетін  мейлінше  кеңінен  дамытуға  қолдануға  болады.

                  Көшпенді халық ішсе сусыны, жесе азығы, кисе киімі, басына баспана болған
                  төрт-  түлікке  және  тұрмыс  тіршілікке  байланысты  сан  қырлы  жұмбақ  есеп
                  пен түйінді ойлар айтқан. Сонымен бірге есептердің бірнеше жауап нұсқасы

                  айтуда  түсірілген  екпінге  байланысты  болатынын  ескереміз.  Бұл  халықтың
                  шешімді  әр  қилы  қабылдауға  болатындығын  әу  баста  ұрпағының  санасына
                  құйып       отырғандығын          білдіреді.      Қазақ      халық      педагогикасының
                  математикалық  ұғымдары  әртүрлі  боп  келген.  Олар  қара  жұмбақ,  ертегі,

                  өлең,  қарасөз  нұсқасында  келеді.  Мақсат  біреу  –  ақ  –  баланың  санасын
                  дамыту,  ақылдылық  пен  даналыққа  тәрбиелеу  болатын.  Ғасырдан-  ғасырға

                  қаймағы бұзылмай жеткен халықтың мәдени мұрасы тәрбиенің қайнар көзі.
                  Бұл  жұмыста  беріліп  отырған  ауыз  әдебиеті  үлгілері  балаларды  тыңдап
                  отырып  ойлануға  үйретеді  және  тәрбиелейді.  Терең  мәнді  ұлттық
                  өлшемдердің мағынасын түсінетін болады.











                                                  ОЙЛЫ ЕСЕПТЕР
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11