Page 3 - китап копия
P. 3
Автордан
Адам – табиғат перзенті. Табиғаттың құдіретіне тең келер ешнәрсе жоқ. Неше
ықылым заманнан бері адам баласы талай құпияның сырын біле алмай келеді. Оның көзге
көрінбейтін тіршілік иесінен бастап зорға дейін белгілі өлшеммен кесіп – пішіліп өлшеніп
жасалған. Адам баласының өзі жұмбақ. Жұмбақтың кілтін адам баласы әу бастан білімнен
іздеген. Халықтың ұлттық құндылығы осы жұмбақтың шешіміне жол көрсетеді.
Еліміздің білім беру мекемелерінің этнопедагогикалық білім мен тәрбие беру мәселесі
зор сұранысқа ие болып отыр. «Өзіңді – өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін»
демекші әр ұрпақтың өз тегін, дәстүрін, таза қанын, мәдениетін, тілін меңгеруінің маңызы
өте жоғары. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Көкірегіне сәуле
тұнған ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың алдымызға қойған мұрат мақсатымыз болуы шарт.
Тұлғаның руханилық санасы- өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырының
халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдында
жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән адамдық парызын орындау. Халқымыздың
рухани тәрбиесі ізгілік ұстанымдарға тәрбиелейді, халық даналығын түсінуге көзқарас
қалыптастырады. Әрбір ата- ана өз баласының білімді, білікті, тапқыр да ойлы болғанын
қалайды. Бірақ алдымен балаларымызға ұлттық нақыштағы құнды қасиеттерімізді
сіңіргеніміз абзал. Сондықтан бұл әдістемелік құралда ұсынылып отырған тапсырмалар
легі халықтық дәстүрмен сабақтастыра беріледі, оқушы үшін таптырмас құнды болмақшы.
Өзімен – өзі үндестікте өмір сүру, табиғи болу, сөзі мен іс – әрекетінде шынайы болуға
үндейді. Егер тәрбиеленушінің ойы дұрыс болса – сөзі дұрыс. Сөзі дұрыс болса- ісі
дұрыс. Ісі дұрыс болса- нәтижесі дұрыс. Нәтиже дұрыс болса – тағдыры дұрыс
болады. Адам дүниеге келген соң, өмірдегі барлық қажеттілігінің қанағаттандырылғанын
қалайды. Заман ағымы алдымен тәрбие беруді, рухани жаны жадау тартқан ұрпақты
қазақы тәрбиемен сусындатуды қажет етуде. Мейірімділік пен тектілік, шынайылық пен
мәрттік біздің халқымыздың қанында бар қасиеттер. Қазақтың барлық сөзінің шегі,
өлшемі болған. Айтылар сөз шекпен айтылып, сөзге тоқтау да текті ұлттың ділінде бар
құбылыс. Адамдар әрбір өлшемнің өзіндік атқарар міндеті бар екенін білген. Сөйтіп оны
рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған екен. Заттың тұрқы, биіктігі мен тереңдігі,
қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі де түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Өлшем
бірлікті білдіретін көне сөздер, тіркестер қазақ тілінде көптеп кездеседі. Оқу құралындағы
жұмыс мазмұны «Рухани жаңғыру» аясында білім алушылар мен ересектерге де қазақы
көрнекі нақышта көп мағұлмат берері сөзсіз. Ертегілерге жалғасқан есептер, ұлттық
ойындарға телінген өлшемдер, тұрмыстық ойлы есептер мазмұны беріле отырып, ауызекі
сөйлеу арқылы қазақы өлшемдердің атауын білуге үйретеді. Тіл тамыту мен
математикалық өлшемдер қазақы болмыста беріліп, ой жүйріктігі шыңдалып, қозғалысқа
түсіп, белгілі бір дәрежеде ішкі даму сатысына көтерілері сөзсіз ақиқат. Әдістемелік
құралды дайындап құрастыру барысында кейбір мәтіндер мен суреттер қолжетімді ресми
интернет – сайттардан алынды. Әдістемелік құрал коммерциялық емес мақсатта
құрастырылған.

