Page 17 - китап копия
P. 17
Тар қыстаудан қымтырылып шыққан қалың жұрттың жазғытұрым
жайлауға көшкендегі жазира көңілі мен сайын даланы думанға бөлеген
шалқар шаттығы, жүгірген бала – шаға, әндеткен жастар, шүйіркелескен
үлкендер, жамыраған мал басымен көрікті. Көш – керуен жүкті тиеп ырғала
тізбектеле жылжыған түйе атаулы, арбаға жегілген өгіз бен жылқы
баласымен сәнді. Көш жолға шығарда көліктерін сайлайды. Жүк артуға,
мініске көлік керек. Ал есеп етейік. Көшбасы:- қоспағы мен маясы 20 болса,
ашамайлы қара нары – 96, қара нар дегені болмаса, оларды ажыратуға
болады. Қоспақ санын мая санына көбейтсек қара нармен теңеседі. Сонда
көшке жүк артуға қанша бас қоспақ, қанша бас мая керек?
Шешімі: қоспақ пен мая саны 20 деді, демек екеуін қосқанда 20 шығуы тиіс.
Сонымен қатар бұл екі санды көбейкенде 96 шығуы тиіс. Онда х+у=20
х*у=96
Қосындысы 20- ны беретін, көбейтіндісі 96-ны беретін 12 мен 8 саны. Демек
көшке 12 қоспақ пен 8 мая немесе 8 қоспақ пен 12 мая қажет. Барлығы
8+12+96=116 бас күш- көлігі қажет екен.
Қоспақ Мая Нар
Керуен

