Page 19 - китап копия
P. 19

«Екі дос»
                                                                          Доссыз өмір, тұзсыз аспен тең






                             Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан  бір аю

                  шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі де, талға өрмелеп жасырынып
                  қалады. Екінші  жігіт ортада қалып кетеді.
                      Алайда,  не  істерін  білмей  тұрғанда,  ойына  «Өлген  адам  сияқты  жерге

                  етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
                      Аю  келіп  оны  иіскелей  бастағанда  демін  жұтып,  дем  алмай  жатады.  Аю
                  кеткен  соң  талға  өрмелеп  кеткен  досы төмен  түсіп,  досының  қасына  келіп,

                  күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
                  Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан
                  сақтану керектігімді айтты» дейді.

                       Енді осы өсиетті әңгімедегі талдың биіктігін өлшеп көрелік.

                           Тал  -  бұталы  және ағаш  тектес  өсімдік.  Табиғатта  талдың    170  түрі
                         бар.  Биіктігі  -  10-15  қарыға  тең,  кейбір  түрлерінің  биіктігі  40  қарыға
                         дейін жетеді.

                         Шешімі:  Қары  –  оң  иықтан  бүкіл  кеудені  бойлай  өтіп  сол  қолдың
                         ортаңғы  саусақ  ұшына  дейінгі  аралық.  Ол    -  1  метрге  тең  болады.

                         Талдың  биіктігі  10,15,40  қары  десе,  демек  оның  10  м,  15  м,  40  м
                         болғаны.
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24