Page 53 - китап копия
P. 53
Бұл ойынды екі адам ойнайды. Әр адамда 9 кіші отауы, 1 үлкен
отауы болған. Жүрісті бастаушы ойыншы өз отауындағы құмалақтың 8- ін
алып, 1- еуін орнында қалдырады да, солдан оңға қарай бәріне бірдей етіп
отауларға салады. Ең соңғы құмалақ түскен отауда жұп санды құмалақ болса,
сол ұя босатылады. Бұл құмалақтарды жүруші жақ өз қазанына салады. Егер
жүрушінің құмалағы өз отауына түссе, құмалақтарды алмайды. Қай ойыншы
қазанына көп құмалақ жинаса, сол ойыншы жеңімпаз.

