Page 50 - китап копия
P. 50

Сонда  өнерші  бай  бұлардың  айласын  біліп,  жаман  оймен,  тайлақты  жүз

                  тіллаға сатып алыпты да, үйіне жетектеп келіп, баяғы қызын шақырып алып,
                  «мынау  тайлақты  ұстай  тұр»  депті  де,  өзі  үйден  пышақ  алып,  тайлақты
                  бауыздайын  деп,  үйіне  жүгіріп  кетіпті.  Қыз  әкесінің  жаман  ниетін  біліп,

                  үйден бұ да пышақ алып шыққан екен, әкесі үйге кірген кезінде, тайлақтың
                  бұйдасын пышақпен қиып жіберіп, босатып қоя беріпті.

                  Өнерші бай тұра салып, үйінен шығып, қашып бара жатқан тайлақты көріп
                  қуыпты. Тазша сонда түлкі болып қашыпты, өнерші бай тазы болып қуыпты,

                  өнерші  бай  жете  берген  кезде,  Тазша  түлкіден  үйрек  болып  ұшыпты,  бай
                  онда  қаршыға  болып  қуыпты.  Біраздан  соң,  Тазша  бала  Торғай  болып

                  қашыпты,  онда  бай  қырғи  болып  соңына  түсіпті.  Онан  соң  Тазша  Торғай
                  қалпында шаңыраққа ұшып келіп қонып отырғанда, бай — қырғи келіп таяна
                  бергенде, Тазша қорқып, шүберек болып жерге түсіпті. Өнерші бай онда кісі
                  болып,  шүберекті  қолына  алайын  дегенде,  Тазша  тары  болып  домалапты.

                  Онда өнерші бай тауық болып шұқиын дегенде, Тазша мысық болыпты да,
                  өнерші  байдың  желкесіне  мініп  алып  тістеп,  тырнап,  зорлықпен  өнерші
                  байды  өлтіріпті.  Сөйтіп,  оның  қызын  өзі  алып,  барша  мұратына  жетіп,  зор

                  бай  болып  дәурен  етіпті.  Ертегі  керемет  қызық.  Ал  мұнда  да  тұрмысқа
                  қажетті  сөздер  көрініс  тапқан.  Ешкінің  жарты  еті  қанша  кг?  Бір  қора  қой
                  қанша бас? Пұл деген ? Жүз тіллә ше?


                  Шешімі: Ешкінің салмағы үш жарым- төрт пұттай болады, бір қора  деп 10
                  бастан  асатын  мал  басын  айтады  (көп  мағынасын  береді),  пұл  –  ақша,  құн
                  сөзінің мәнін береді, Жүз тіллә- таза алтын ақша дегенді білдіреді екен.
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55