Page 45 - китап копия
P. 45
«Үш жалқау»
Надандық, жалқаулық, ұйқышылдық- үш кесір
Ертеде бірінен – бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар
бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен.
Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, биіктігі қырық
аршын, жуандығы үш адамның құшағындай болатын мәуелі ағаш
көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау:
– Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті.
Екіншісі:
–Ауызға келіп түссе, - депті.
Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп:
–Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.
Жалқаулар жата кеткен жемісті мәуе ағаштың биіктігі 40 аршын екен.
Аршын шынтақ пен саусақ басының аралығы. Ол 40-45 см тең болады. 40
аршыныңыз – 16 метр шамасы десек, бір құшақ – 150 см арасы болса, 3
құшақ 4 м 50 см шеңбер бойы болады екен.
«Сыншы бала»
Ер туған жеріне

