Page 44 - китап копия
P. 44

-  Кітапты түзетіп болдым, бірақ патшаға өзім тапсырсам екен, - дейді. Уәзір

                  Ғылманды  патшаның  алдына  алып  барған  соң,  Ғылман  кітапты  патшаға
                  береді.



























                  Патша уәзірге:
                   -  Ғылманды сыйлаңыз, қазір бір кесе шарап құйып беріңіз, - дейді. Уәзір бір
                  шымшым    у  салынған  шараптан  бір  кесе  құйып  береді.  Ғылман  шарапта  у

                  барын сезеді де уәзір мен ханға сездірмей, қалтасынан бір шөкім түйіршік тұз
                  секілді  нәрсені  кесеге  салып  жіберіп,  біраздан  кейін  шарапты  ішіп  салады;
                  аздан  соң  ол  у  ішкен  адам  секілденіп,  қиналып  тұрады  да  кесенің  түбіне

                  ұйыған уға саусағын малып уәзірге:
                   -  Ай, уәзір, шырағым! Кітапты бердім, көп пайдалы кітап, әсіресе сіздерге
                  керегі мына беттері, не істейтінін мынау арада жаздым, - деп, саусағындағы

                  уды  кітаптың  беттеріне  жағып  жібереді  де  патшадан  рұқсат  сұрап,  шығып
                  кетеді. Уәзір мен патша Ғылман шыққан соң кітапты алып, жазуды қараса:
                  «Кімде-кім  осы  кітаптың  қағазын  он  ретке  дейін  жаласа,  ол  кісінің  қуаты

                  тіпті  кемімейді»,  -  депті.  Патша  мен  уәзір  бұған  қуанып,  кітаптың
                  жазуындағы  айтқан  бетке  шейін  қағазды  жалайды,  сөйтіп,  өз  уынан  өздері
                  өледі.  Сол  кітапта:  «Патша  қол  астындағы  халық  тыныш  болсын  десе,
                  әркімді ақ көңіл, әдепті қылып үйретсін!». «Патша қол астындағы халық бай

                  болсын  десе,  әркімді  еңбекке  тәрбиелейтін  болсын!»  «Патша  қол  астында
                  зұлымдықты  тыямын  десе,  әуелі  өзі  зұлымдықтан  тыйылсын!»  -  деген

                  екен. Ертегіде  келтірілген  бір  шөкім  мен  бір  шымшым  мөлшерін  біліп
                  алайық.

                       Бір шөкім мөлшері - ұсақ түйіршік  затты үш саусақпен қысып алғандағы

                  өлшем, шамасы – 12,5 грамм болады. Бір шымшым – ұсақ затты бас бармақ
                  және сұқ саусақпен қысып алғандағы мөлшер – 8,5 грамм шамасы.
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49