Page 46 - китап копия
P. 46
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып
кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Ауылдан тай шаптырым жерде бала қой бағып жүріп, далада қалған қу
бастың қасына келіп: «Сенің арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің
Тортай сыншының баласы екенімді кім білсін?» деп зарлайды екен.
Күндердің күнінде баланың қожасы үш арғымақ әкеліп балаға
сынатыпты.
– Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:
– Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын
танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты.
Жат жұрттықтар көз ұшында туған жеріне қашып бара жатқан баланы
байқап қалып, жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп
аман – есен еліне жетіпті.
Ойлан: Тай шаптырым- 4-5 км, көз ұшында – 6-7 км.
«Ханның жұмбақ есебі»
Ханда қырық кісінің ақылы бар
Қара ханның алдына келіп бағыңыздан бір алма алуға рұқсат
етіңізші деп сұрайды. Хан рұқсатын берген соң қара баққа келсе бақтың
сырты үш айналдыра қоршалған екен. Бірінші қақпадағы жасауылға келіп
ханнан бақ ішіне кіріп бір алма алуға рұқсат алғанын айтса, әлгі күзетші «Ал,
бірақ шығарда алған алмаңның жартысын және бір алма бересің» депті.
Қалған үш қақпаның күзетшілері де дәл осылай шарт қойыпты. Сонда қара

