Page 42 - китап копия
P. 42
жоғары көтеріліп тұрады. Ал оның бір керемет қасиеті – аяғына киген адам
аспанға қалықтап ұшып, баратын жеріне лезде жетіп барады. Бірақ ол дәудің
оны оңай үйіне жібере қоймасын біліп:
- Бәрібір дәу қолынан өлемін. Одан гөрі бұл дәуді өзім өлтірейін, — деп,
өткір пышағын алады.
Дәу ұйқыға кетті-ау деген кезде етікші етігін киіп, сыртқа шығады.
Қалықтап ұшқан күйі қолындағы пышағымен дәудің жалғыз көзін түйреп
алады. Дәу бақырып:
- Ер болсаң екі соқ, — дейді.
Етікші:
- Бір де жетер, — деп, дәудің үстінен ұшып өтеді.
Ал, дәу жарақаттан табанда өлген екен дейді.
Етікші сырттан тұрып әрі ойлап, бері ойлап, иесіз үйдің төбесіне шығып
түнейді. Таң атқан соң дәудің үйін аралап, қарап шығады. Үйдің бір қараңғы
жерінде ұзындығы сала құлаш, ені кере құлаш темір сандық тұр екен. Етікші
темір сандықты әзер дегенде ашады. Оның іші толған алтын-күміс екен.
Бұдан кейін етікші сандықтағы алтын мен күмістің бір пітірін ғана, яғни
төрттен бірін алып, ғажайып етігін киіп үйіне ұшып келеді.
Дәуден алған байлығының жартысын еліндегі жетім-жесірлерге таратып
береді. Осылай, етікші тұратын ауылдың тұрмыстары жақсарып,
мұраттарына жетеді. Ал, қартайған кезінде етікшіні балалары асырапты.
Етікшінің кәсіп ете барған ауылының қашықтығын, иесіз үйде мінген
пешінің биіктігін, тапқан сандығының ауданын, ондағы алтын- күмістің
салмағын, етікшінің өзіне және еліндегі жетім – жесірге таратып берген
байлығының мөлшерін есептеңіз.
Шешімі: Құнан шаптырым – 8-10 шақырым, 5 кез – 2 м 50 см, сала құлаш – 3
кере құлашқа тең, кере құлаш – иық деңгейінде керіп тұрып созылған екі қол
ұшының аралығы, демек ол 8 қарыс шамасы, бір қарыс – 19-20 см болады.
Сандықтың ауданына келсек, 1 құлаш тең – 1 м 60 см, 3 құлаш – 4 метр 80
сантиметр болады. Кере құлашыңыз 1 м 60 см болса, сандықтың ауданы 7 м
68 см квадратқа тең. Бір пітір – 3 килограмм мөлшері, бұл етікшінің алған
алтын- күмісі. Төрттен бірін алған болса, сандықта 4 пітір асыл зат болғаны
және онда 9 кг қалған екен. Ел – жұртқа алғанының жартысын таратқан еді
ғой, ол 1 пітірдің екіге бөлінгені болмақ. Сонда етікші 1 кг 500 г алтын-
күмісті таратып беріп, бақуатты өмір сүріпті.
«Ғылманның өнері»
Ілім мен білім – жеті қазынаның бірі

