Page 38 - китап копия
P. 38

аспаздар алдына бір қаз пісіріп алып келіп қойысты. Жиренше қасында отыр

                                                                                  екен. Хан оған бұйырды:


                         -  Бұл  қазды  өзіме,  ханымға,  екі  балама  және  өзіңе,  біріне  артық,
                  бірімізге  кем  жібермей  бөліп  бер.  Егер  біреуімізге  бір  мысқал  артық-кем
                  болса, өзіңді қатты жазалаймын, - деп. Хан қаһарынан сақтағай, бір алла өзің

                  жәрдемші!  Білікті  бірді  жығады,  білімді  мыңды  жығады.  Жиренше  қолына
                  пышақ алып, әуелі қаздың басын кесіп ханға береді.


























                         - Тақсыр, сіз біздің басымыз ең, міне, сізге бас,  - деді. Хан ханымсыз
                  болмас,  ханым  хансыз  болмас,  құс  мұрынсыз  болмас,  олай  болса,  ханым

                  сіздің мойыныңыз деп, оған қаздың кеңірдегін кесіп алдына қойды. Мынау
                  екі балаңыз - сіздің екі қанатыңыз, оларға міне қанат деп, қаздың екі қанатын
                  екі баласына кесіп қойды. Мен өзім, тақсыр, бас та емес, аяқ та емес, орташа

                  ғана адаммын, мынау құстың орта денесі маған лайық,  - деп қаздың қалған
                  денесін өз алдына қойды. Сөз тапқанға-қолқа жоқ. Жиреншенің бір мысқал
                  да артық қылмай, бір мысқал да кем қылмай бөлгеніне келісетін шығарсыз...

                  Сөз тапқанға қолқа жоқ.


                          Хан  айтып  отырған  бір  мысқал  өлшемі  –  4,31  граммға  тең  болып
                  есептеледі.  Ондай  өлшемдерді  аталарымыз  алтын  мен  күміс  ақшалардың,
                  бағалы заттардың, дәрі ұнтақтардың, бояулардың өлшемі үшін қолданған.












                                                      Баянауыл жайлы аңыз
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43