Page 33 - китап копия
P. 33
Түлкі:
- Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді.
Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
- Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын, –
деп жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де
батып кетсе керек. Қомағай түлкі неше литр сүтті ішіп қойды екен?
Шешімі: бір құмыраға бір көнек сүт сыяды. Сондықтан 1 көнек мөлшері –
6,5-7 литр болғандықтан құмырадағы әрі кетсе 7 литр сүтті түкең ішіп қойған
еді.
«Балықшы мен сиқыршы»
Баяғы ерте заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың бір
қызы бар екен. Шал балық аулап, кемпір ау жамап күндерін көріпті. Бір күні
балық аулап отырған шал ағып келе жатқан бір сандықты көреді. Сандықты
судан шығарып, үйіне апарады. Кемпір мен қызы екеуі жабылып сандықты
аша алмайды. Осы кезде көмекке шал келіп, зорға дегенде сандықтың аузын
бұзады. Қараса, ішінде жеті бүктеліп айдаһар жатыр екен. Ол басын көтеріп:
- Сен маған жақсылық жасадың. Мен бір ғасыр бойы осы сандықтың
ішіне кептеліп жаттым, сендер мені босаттыңдар, сол замандағы бір
сиқыршы маған өшігіп, айласын асырып осы сандыққа салып, аузын мықтап
құлыптап тастады. Сандықтың іші тым тар болғандықтан бар қасиеттен,
күштен айырылдым. Күн көзін көрмегендіктен соқыр бола жаздадым. Енді
болмағанда аштан да өлер едім, — деп, үшеуіне де тиіспейді, керісінше:

