Page 29 - китап копия
P. 29

- Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?!  - деп, түлкі

                  қу сықылықтай кеп күледі.
                  Емің бар ма, түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды, - деуге қасқырдың тілі
                  әрең келіпті. У барған ішке су барса, тез өлтіретінін білетін түлкі:

                  - Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса, - дейді.
                  Қасқыр  бар  қалған  күшін  жинап,  суды  тілімен  жалап-жалап  алады  да,
                  қалпақтай ұшып түседі.






























                  - Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен-тегін жатқан құйрық! - дейді

                  де, түлкі өз жөніне кете барады.
                    Қасқырды теңкиткен батпан құйрықтың салмағы қанша екенін білейік.
                   Батпан  –  100  килограммды  береді.  Ертегідегідей  100  кг  құйрық  еш  қой

                  баласында  жоқ  шығар,  дегенмен  батпан  сөзінің  үлкен  салмақ  мөлшерін
                  білдіретінін біліп алдық.



                                       «Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс»







                              Бұрынғы өткен заманда бір кедейдің үш ұлы болыпты. Бүкіл өмірі
                  байлардың есігінде өткен кедей өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет
                  айтады.  "Үйдің  шығыс  жағында  бір  жалмауыз  бай  бар,  соған  өлсеңдер  де,

                  жалданбаңдар", — дейді.
                       Әкесі дүниеден қайтқан соң, үш баласы қызмет істеуге кіріседі.
                  Ең  әуелі  қызмет  іздеп,  ең  үлкен  ағасы  үйінен  кетеді.  Ол  көп  уақыт  жүріп,

                  қызмет таба алмай, әкесі "барма" деген  байға барады. Бай бұны көрген соң
                  "хош келдің" деп қарсы алады. Бай бұған:
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34