Page 26 - китап копия
P. 26

Алтынды  үйіне  апарып  тастап,  қайтадан  аң  қарап  жүріп,  бір  байдың
                  үйіне  келіп  қонады.  Қонса,  түнде  боран  болып,  қой  үркіп,  қасқыр  ұлиды.
                  Қасқырға байдың төбеті де үріп, жауап береді. Олардың тілін қонақ түсініп

                  отырады.

                           — Қой жеймін, болмаса қонағыңның атын жеймін, – дейді қасқыр.

                           — Мен саған қой да жегізбеймін, қонағымның атын да жегізбеймін,  –
                  дейді  қара  төбет.  Қонақ  итке  іштей  разы  болып,  алдына  келген  еттің

                  жартысын итке бергізеді. Түнімен боран соғып, қойлар ығып кетеді, қоймен
                  бірге  ат  та  кетеді.  Бай:  «Малым  қырылатын  болды-ау,  құтты  қонақ  болса,
                  мұндай болмас еді!» – деп уайымдайды.


                           — Бай, жылама, малың аман, ыққаны табылады, – деп, мерген шешініп,
                  алаңсыз  ұйықтай  береді.  Таң  атқан  соң,  бай  мен  қонақ  екеуі  мал  мен  атты
                  іздеп келе жатса, қара төбет бәрін иіріп, айналып жүр екен. Қасқыр бір мал да

                  ала алмай, малды төңіректеп жүр екен. Адамды көріп, қасқыр қаша жөнеледі.
                  Бірақ  төбет  қайырмалап,  қасқырды  да  жібермейді.  Қасқыр  қолға  түседі.
                  Қонақтың  аты  да,  байдың  қойлары  да  аман  екен.  Бай  қуанып:  «Қонақ,  сен
                  құтты қонақ болдың, қалағаныңды алып кет!» – дейді мергенге.


                           Сонда бір ұрғашы сары бас тоқты маңырап мергенге қарай береді.

                           Маңырағандағысы: «Бес жылда мың болам», – деген екен. Мұны мерген
                  түсініп, тоқтыға ен салады және «бес жылдан кейін келіп аламын, ол уақытта

                  осы тоқты мың болады» деді байға.

                           Бес жыл толғаннан кейін, мерген байдың үйіне келіп, уәделі қойымды
                  бер  десе,  бай:  «Қой  беремін  деп  айтқан  жоқпын»,  –  деп  уәдесінен  танады.

                  Екеуі  бір  биге  келіп  жүгініп,  айтылған  сөзді  бастан-аяқ  баяндайды.  Сонда
                  қазы: «Қойыңды екі айыр жолмен айда, мергеннің үйіне қарай жүрген қойды
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31