Page 27 - китап копия
P. 27

Мерген алсын, өз үйіңе қарай жүрген қойды сен ал!» – деп билік айтады. Бай

                  бұл  билікке  көніп,  қойды  екі  айыр  жолмен  айдайды.  Мерген  жаққа  қарап
                  сары бас тоқты бастап мың қой шығады. Мерген сол мың қойды алып үйіне
                  қайтады.


                           Сұрмерген бір күні қатынымен еріп, әйелдің төркініне барады. Әйелге
                  төркіні артынан тайы ерген буаз бие мінгізеді. Сөйтіп, мергеннің өзі, екіқабат
                  қатыны,  бесіктегі  баласымен  буаз  биеге  мініп  қайтады.  Қайтып  бара
                  жатқанда,  тай  енесін  емейін  десе,  енесі  тепкілеп,  кісінеп  тайын  қасына

                  жуытпайды.  Кісінегенде:  «Үстімде  үшеу,  ішімде  біреу,  өзім  шаршап  өлгелі
                  келсем», – дейді бие. Оны мерген түсініп, күліп жібереді. «Сен неге күлдің?»

                  –  дейді  қатыны.  Түсінгенін  айтса,  өледі,  айтпаса,  қатыны  өкпелейді,
                  қысылғаннан  мерген:  «Үйге  барғанда  айтайын»,  –  дейді.  Үйіне  келген  соң:
                  «Сен  жолдағы  сөзді  айт!»  –  деп  қатыны  болмайды.  Мерген  бір  мал  сойып,
                  жұртын жиып, жөнін айтпақ болады. Малын сойып, жұртқа, сыртқа шығарып

                  қатынына айтайын деп отырғанда, үйге бір әтеш, бір шіби, екі тауық кіреді.
                  Шіби әтештің алдындағы бір бидайын алып жей бергенде: «Мен Сұрмерген
                  емеспін, қатынына сырын айтып өлгелі отырған», – деп, әтеш шібиін шоқып,

                  талап тастайды. Осыны естіген мерген  қатынына хайуанның  тілін білетінін
                  айтпай, бір ажалдан аман қалады.

                           Тағы бір күні мерген аң қарап жүріп, бір тауешкіні атып алады. Атып

                  алып  етін  жеп  отырғанда,  құлағына  бір  дауыс  келеді.  Дауыс:  «Жалғыз
                  ешкімді  атып  алдың,  жазаңды  қасқыр  берсін!»  –дейді.  Мерген  оны
                  тыңдамастан,  үйіне  қайтады.  Кешке  таман  жолда  бір  керуен  қонып  жатыр
                  екен,  мерген  сол  керуенмен  бірге  далаға  қонады.  Қонып  отырғанда,  түнде

                  қасқыр ұлиды. Қасқыр ұлығанда: «Сұрмергенді бүгін не қылсам да жеймін»,
                  –  дейді.  Мерген  керуеншілерге:  «Не  білдіңдер?»  –  дейді.  Керуеншілер:
                  «Ештеңе білгеніміз жоқ», – дейді. Мерген: «Білмесеңдер, қасқыр мені жеймін

                  деп тұр», – дейді. Керуеншілер жер қазып, Сұрмергенді жерге тығып, үстіне
                  киіз төсеп жасырып тастайды.

                           «Қап бәлем, енді қайтер екенсің?» – деп жатып, ертеңіне керуеншілер

                  тұрса, қасқыр бір жағынан інге келіп, мергенді жеп кетіпті.

                  Есеп:  Мерген  нысанаға  12  рет  атып  100  ұпай  жинады.  Ол  тоғыздыққа,
                  сегіздікке, жетілікке тигізді. Мерген әр нысанаға нешеуден дәл тигізген?

                  Шешімі: Қорытынды ұпай 100 болу үшін 9+9+9+9+9+9+9,  8+8, 7+7+7 деп

                  көрсек 12 мәрте көздеу мен 100 ұпайымыз шығады.
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32