Page 32 - китап копия
P. 32

күн бермес", — деп қояды. Бірқарыс сандық ішінде жатып: "Я, құтылдың!"

                  — дейді. Бай әйеліне:
                      —  Апырай,  даусының  құлаққа  естіліп  тұрғанын-ай!  —  дейді.  Тағы  біраз
                  уақыттар  жүріп,  елден  әбден  ұзаған  соң:  "Құтылдым,  құтылдым!"  —  дейді

                  бай. Бірқарыс қатты дауыстап: "Я, құтылдың", — дейді. Бай ашуланып:
                     — Құтылдым, құрғырдың даусы, қайдан естіліп тұрсың? — дейді. Бірқарыс
                  тағы да:

                     — Құтылдың, бәсе құтылдың! — дейді. Бай мен әйел құрғырға не болды
                  деп құлақтарын баса қояды.
                     Екінші күні кешке таман Бірқарыс сандықтың ішінен шыға келеді. Бай мен
                  әйелде үрей қалмайды.

                     Кешке құдық басына қонады. Бірқарыс та баймен бірге отырып алады. Бай
                  ішінен Бірқарысты түнде құдыққа тастап жіберуді ойлайды.

                     Түн ортасы ауғанда бай мен әйелі ұйқыға мас болып жатқанда, Бірқарыс
                  байдың  әйелін  өз  орнына  салып,  өзі  байдың  қасына  жатып  алады.  Бай  бір
                  уақытта  оянып,  Бірқарыстың  орнындағы  өз  әйелін  сүйреп  апарып  құдыққа
                  салып жіберіп, орнына келіп жата қояды.

                      Ертең  ерте  бай  әйелін  оятайын  десе,  қасында  жатқан  —  Бірқарыс.  Бай
                  жалма-жан атын жегіп, қаша жөнеледі.
                      Бірқарыс  артынан  қуып  береді.  Бай  қалың  тоғайға  тығылады.  Бірқарыс

                  тоғайға өрт жібереді. Бай тоғаймен өртеніп кетеді. Бірқарыс байдың ауылына
                  барып, барлық малдарын айдап еліне келеді.
                   — Бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ

                  шығарады,  қырық  арба  пішен  жейді.    Бұл  ертегідегі  қара  нардың  жеген
                  қырық арба шөбі мен қырық бөшке суының мөлшерін білсек қайтеді.
                  Шешімі: бір арба мөлшері   - 20 батпан, яғни біздіңше 2 тонна болады. Бір

                  бөшке  су  –  20  шелек,  ол  шелек  шамамен  10  литр  десек  200  литр  болмақ.
                  Сонда нар күніге байдың айтуынша 800 батпан шөп, әрі 8000 литр су ішеді
                  екен.


                                                    «Түлкі мен құмыра»







                               Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына
                  тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне

                  басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай
                  әлек болады.
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37