Page 28 - китап копия
P. 28

«Батпан құйрық»


                                                                         Бұл неғылған батпан құйрық,

                                                         тегіннен - тегін айдалада жатқан құйрық?!








                               Қарны  ашқан  қасқыр  тамақ  іздеп,  арсалаңдап  келе  жатады.  Сол
                  кезде түлкі жолығады.
                  -   Қасеке,  жолың  болсын!  Қайда  жортып  барасың?  -  деп  сұрайды  түлкі
                  жылмаңдап.

                  -  Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
                  -   Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым

                  болады екен. Бірге іздейік.
                  -   Ал, түке, ендеше баста, - дейді қасқыр. Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі.
                  Бір  мезгілде  төңкеріліп  жатқан  қойдың  тегенедей  құйрығына  тап  болады.
                  Қуанғаннан  қасқырдың  екі  көзі  сексеуілдің  шоғындай  жайнап  кетеді.  Оп-

                  оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:
                  -   Түке,  түке,  бұл  неғылған  батпан  құйрық,  тегіннен  тегін  айдалада  жатқан
                  құйрық?! Түлкі ойланған боп, қипақтай жауап қайырды:

                  -   Апырмай,  қасеке-ай,  бір  алаңғасар  базарға  барған  шығар.  Арзан  бағаға
                  алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп қалған шығар.
                  -  Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.

                  -  Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей салайын, - деп, түлкі
                  құйрыққа үмтыла бергенде:
                  -     Тоқта, тоқта! - деп, қасқыр арс ете қалады. Түлкі жалт беріп, құйрығын

                  бұлғаңдатып,  шоқиып  отыра  кетеді.  Ашқарақ  қасқыр  былқылдақ  құйрыққа
                  ауызды салып кеп жібереді.
                  -   Қасеке,  мені  де  ескерсейші!  Олжаға  ортақ  емеспіз  бе?  -  деп,  түлкі  өтірік
                  мүләйімсиді. Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:

                  -     Был-жыр-рра-ма...-  дейді  де,  қойдың  тегенедей  құйрығын  төрт-ақ  асап,
                  толғап-толғап, қылғи салады. Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере
                  қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі.

                  Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:
                  -     Апырай,  қасеке-ай,  әлгі  май  құйрықтан  тым  болмаса  бір  асам  дәм
                  татырмадыңыз-ау, ә?! - деп, күңкілдейді.

                  -     Түке-ау,  мұрныңа  майдың  иісі  барғаны  да  жетпей  ме!  -  деп,  қомағай
                  көкжал  қарқ-қарқ  күледі.  Біраздан  кейін  қасқырдың  көзі  алақтап,  тілі
                  салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де калады.
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33