Page 30 - китап копия
P. 30
— Саған бір қызмет берем, соны орындасаң, жалшылыққа алам. Ал орындай
алмасаң, басыңды алам, бәрібір басқа байларда жұмыс жоқ, — дейді.
Кедейдің үлкен ұлы:
— Жарайды, жұмысыңды істеймін, — дейді. Бай жұмысының түрімен
таныстырмақ болып кедей ұлына:
— Бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ
шығарады, қырық арба пішен жейді, осыны баға алсаң, қызметке аламын,
егер бұны атқара алмасаң, басың алынады, — дейді. Жарлының үлкен ұлы
жұмыстарды амалсыздан орындауға кіріседі. Алғашқы күннен кейін-ақ
үлгере алмайды. Бай төрт-бес күннен кейін келіп көрсе, шөп те, су да
жетіспей, қара нар арықтап қалған екен. Бай ашуланып, кедейдің үлкен
ұлының басын алады.
Жұмыс сұрап келген адамдарға бай осындай қолдан келмейтін жұмыс
тапсырып, өлтіре беретін болыпты. Бұдан соң ортаншы ұлы да осы жолмен
қаза табады.
Ендігі үйде қалған кіші інісі ағаларын іздеп шығады. Оны жұрт "бойы бір
қарыс, сақалы қырық қарыс" деп атайды екен. Бірқарыс ағаларын іздеп, көп
қиындықтарды басынан өткізеді. Ақырында Бірқарыс зұлым байдың
ауылына келеді. Бай бұны көріп қуанып, қарқылдап:
— Ал саған жұмыс әзір, — дейді.
— Қандай жұмыс? — дейді Бірқарыс.
— Бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ
шығарады, қырық арба пішен жейді. Соны күтуің керек, егер күте алмасаң,
басың алынады, — дейді. Бірқарыс күлімдеп:
— Мақұл, нар деген мен ең көп баққан малым, бабын табармын, — дейді.
Бірқарыс нарды күтуге кіріседі. Бай үйіне барып: "Қолыма қалай түспей
кетер екенсің, бәлекетім", — деп масаттанады.
Бірқарыс нарға барып, нарды пішен жейтін орнынан кейінірек, басын
пішенге жетпестей етіп байлайды. Одан кейін төрт аяғын төрт қазыққа
байлайды. Нар әрі ұмтылады, бері ұмтылады, шөп жеп, су іше алмайды.
Бай бір күні келіп көрсе, нар ашығып қалған сияқты көрінеді, бірақ
алдында пішен, су дегендер толып тұрады. Бай Бірқарысқа:
— Бірқарыс, ана нарды отқа жібер, — дейді де, үйіне кетеді. Бірқарыс:
— Құп, қожа! — деп қала береді. Бай кетісімен Бірқарыс нарды пішенмен
қосып, отқа жібереді.
Бай бұны көріп, ашуланып, Бірқарысқа келіп:
— Нарды өртегенің не? — дейді. Бірқарыс:
— Байеке, ана нарды отқа жібер, — деп өзіңіз бұйырған соң, сізге, асылы
нардың керегі болмай қалған ғой деп отқа жібердім, — дейді. Бай

