Page 25 - китап копия
P. 25

өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып

                  болады.
                      Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға
                  қарай  он  адым  аттайды.  Опырылған  жертөленің  оқпандай  орнына  кезігеді.

                  Құлаған ошақтың  орнын тырналап қазып жатып:
                     ― Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам  –  тойынып
                  тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние  –  ай, бала шағамның жүрегін жалғар

                  едім.  Егер  үш  ділдәға  жетсе,  әйеліме  арнап  көйлек  сатып  алар  едім,  -  деп
                  қиялдайды.
                           Шалдың  берген  аяны  айнымай  келеді  де,  айтқан  орыннан  әмиян
                  табылады.  Бір   ашса  –  бір  ділдә,  екі  ашса  –  екі....  Әмиянды  жүз  ашқанда,

                  үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақ ортасынан
                  хан  сарайындай   күмбезді  үй  салуды  армандайды.  Қарнының  ашқанын  да,

                  балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-
                  жасылды  дүние  елестеген  Сағат  мың,  он  мың,  жүз  мың,  ...,  миллион  рет
                  ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз
                  сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.


                  Ойлан: қадам және сынық сүйем өлшемін қазақы өлшеммен негіздеп көр.

                  Жауап: Қадам- жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы


                  Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық



                                                        «Сұрмерген»







                                  Бұрынғы заманда атақты бір мерген болыпты. Аты Сұрмерген
                  екен.  Сұрмерген  аң  қарап  келе  жатса,  жолда  екі  жылан  төбелесіп  жатады.

                  Жыланның бірі қара да, бірі - ақ. Келіп қараса, қара жыланның түсі суық, өте
                  ызғарлы екен.  Мерген қара жыланды өлтіріп, ақ жыланға болысады. Сонан
                  соң ақ жылан мергенге қарап қойып, бір тасты жалап алады. «Маған да жала

                  деп тұр ма?» – деп, мерген де әлгі тасты жалап алады. Жалап алған сағатында
                  мерген  жер  үстіндегі  барлық  хайуандардың  тілін  түгел  түсінетін  болады.
                  Мерген  бірінші  жыланмен  сөйлеседі.  Жылан:  «Екеуіміз  енді  дос  болдық.

                  Және  тіл  білдім  деп  кісіге  айтпа!»  –  деп,  ат  басындай  алтын  берді.  «Тіл
                  білдім  деп  біреуге  айтсаң,  өлесің»  –  дейді.  Жыланмен  дос  болып,  мерген

                  үйіне қайтады.
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30