Page 51 - китап копия
P. 51

Ойын есептер


                                                          «Бестабан»







                                Бұл–  кезінде  үлкен  бозбалалардың  өзі  ауыл-ауыл  боп  топаймен
                  ойнаған ұлттық ойын. Асықтарын араларына сүйем,  не қарыс жер қалдырып
                  бір сызықтың бойына тізіп қою керек. Екі жағынан  бес табан өлшеп, кеней

                  тұрған орыннан параллель сызық сызылады. Екі жаққа  бөлінген балалар бес
                  қадам жерден тұрған асықтарды кезекпен атқылайды. Шарты– тигізіп құлату
                  емес,  бес  табан  жердегі  сызықтан  кенейді  шығарып  жіберу.  Сол  үшін

                  қорғасынды ауыр сақалар қолданылады. Оларды судың бетіне тас жалақтай
                  лақтырады.  Бұл  ойын  үшін  дәлдік,  мергендік  керек.  Ұтқандар  ұпай  санын
                  жиып, мәреге жетеді. Ойында келтірілген шамаларды түсіндіріп көр.


                  Шешімі: сүйем – бас бармақ пен ортаңғы саусақ аралығы  21-22 см, қарыс –
                  бас бармақ пен шынашақ саусақ аралығы 21-22 см. Табан  – аяқтың өкшесі
                  мен екінші саусақ аралығы, қадам – адамның  бір адымына тең ұзындық – 60-

                  70 см шамасы.






                                                      «Арқан тартыс»
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56