Page 59 - китап копия
P. 59
1 көнек сүт шамамен 6-7 литр,
1 шелек шамамен 10-12 литр
1 қап шамамен 4 пұт 65-70 кг
Найза қап, қанар – 70-80 кг
1 мысқал шамамен 4, 46 г,
1 жамбы күміс шамамен 6 кг,
1 пітір шамамен 3 кг,
1 ширек шай шамамен 250г
1 әшімөңке шай шамамен 50г,
1 таймөңке шай шамамен 25 г,
1 шөкім тұз шамамен 12, 5 г
1 торсық – сегіз аяқ қымыз шамасы
1аяқ қымыз – 1 л шамасы
Мес – 21-24 л шамасы
1 саба қымыз – 10-15 литр
Бір құлақ су – 3-4 текше метр
Батпан – 100 кг, әр елдің өлшемі әртүрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық
таразының тасы да бір батпан болған.
Қадақ – 200г, 400г кейде 750 г айтады
1 пұт – 16 кг
1 арқа жүк – 45-50 кг
Ат басындай алтын – дәстүрлі өлшем атауы, өте үлкен қымбат зат мөлшері
Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері
Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы
өлшем
Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем
Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем
Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем
Ұзындық мөлшері ( саусақпен, қолмен өлшенетін ұзындықтар)
1 қазық бойы шамамен 3 м

