Page 62 - китап копия
P. 62
Тұтам – бес саусақты
жұмғандағы
көлденең ұзындық, 4
еліге тең ұзындық
Сере – сұқ саусақ пен
шынашақтың арасы,
ол 15 см-ге тең
Елі - сұқ саусақтың
екінші буынының
еніне тең болатын
өлшем, 2 см
Қарыс сүйем – бас бармақ пен
ортан саусақтың
аралығы , 21-22 см
Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ
саусақтың екі буыны
бүгілгендегі аралық
Қос уыс -қос қолдың
саусақтарын бірге
жымдастыра,
бүккендегі ішкі
шұқыр өлшем
Кере құлаш -иық деңгейінде кере
созылған екі қол
ұшының арасы,
шамамен 9 қарыс
Қары – оң иықтан бүкіл
кеудені бойлай өтіп,
сол қолдың ортаңғы
саусақ ұшына
дейінгі аралық
Қадам – жүру кезіндегі екі
аяқтың аралық
қашықтығы

