Page 60 - китап копия
P. 60

1 көген шамамен 25, 5 м

                  1 бұршақ шамамен 3-4 сүйем
                  1 сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, шамамен 17-20
                  см

                  Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық
                  Қарыс  - бас бармақ пен шынашықтың керіп ұстаған арасы, 19-20 см мөлшері
                  Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық,

                  21-22 см
                  Қарыс сүйем – бас бармақ пен ортан саусақтың арлығы , 21-22 см
                  Қары – оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, сол қолдың ортаңғы саусақ
                  ұшына дейінгі аралық

                  Кез – 50 см
                  Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық, 4 еліге тең ұзындық

                  Аршын – шынтақ пен саусақ басының аралығы
                  Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың арасы, ол 15 см-ге тең
                  Білем – ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының арасындағы
                  қашықтық

                  Кез – қолдың ұшы мен қолтық аралығы
                  Шынтақ – шамамен екі қарысқа тең мөлшер
                   Елі- сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең болатын өлшем, 2 см

                  1 құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы,  шамамен 8 қарыс
                  Кере құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы,  шамамен
                  9 қарыс

                  Сала құлаш – үш құлаштың шамасы
                  Көшжер-ұзындық өлшемі, ол әр түрлі мағына алады: қозы көшжер шамамен
                  14, 5 км, күзгі көшжер шамамен 25, 5 км, орта көшжер шамамен 90 км.






                                    Ұзындық  өлшемі  болып  есік  пен  төр  аралығы,  қамшы  сабы,
                  арқан, бір көйлектік мата,  бір аяқ ас тағы сол сияқты өлшемдер де алынған.

                  Бұдан басқа өлшемдік сөздер нақыл сөздерде де өріс алған.
                  Ел құлағы елу

                  Екі елі ауызға -  төрт елі қақпақ
                  Отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды






                                             Көзбен көріп көңілге тоқимыз
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65