Page 69 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 69
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Ол көлікте 9-12 жастағы балалар көп болған.
Ауылда зарлаған дауыстар естіліп, ата-аналар тізерлеп
тұрып, балаларын қайтаруды сұрады, бірақ фашисттер
оларды автоматтың шүйдесімен машинаға тақалтпай қуып
жатты. Оларды Красный берег темір жол станциясына
алып келді, сол жерден олар тікенді сыммен қоршалған
тауар вагондарымен Польша арқылы Германияға жөнел-
тілді. Жолда басында тамақтандырмады, аялдамаларда шы-
ғармады, қапырық пен аштықтан көбісі ауыр халге түсті.
Магдебург қаласына әкеліп түсірді де, концентрациялық
бөлу-лагеріне апарды. Балаларды алып келген концлагерь
Бухенвальд неміс жеріндегі ең ірі СС лагерінің сыртқы
лагерлерінің желісіне кірді.
«Бізді өздері «монша» дейтін жерге әкелді, бірақ ол
жерде мәйіттерді өртейтін пеш болды. Дәл моншаның
алдында жұлдыздары бар погондары көрініп, көптеген
біздің сарбаздарымыздың мәйіттері жатты. Бізді дәл осы
мәйіттер үстімен айдап жүргізді, - деп еске алады Пелагея
Павловна. - Моншаға кірдік, онда өте ыстық болды,
көптеген балалар әлсізденіп қайтыс болды. Жуындырып,
қыздарды бөлек, ұлдарды бөлек бөліп алып, біздің топты
ауруханаға алып кетті. Ол жерде бізді қарап, әлдеқандай
дәрі екті. Біраз уақыттан кейін барлығында екпенің орны
ісініп, дене қызуы көтерілді. Біз өлердей халде жаттық.
Ашуланған немістер бізді қарап шығып, қайтадан лагерьге
қайтарды».
Балаларға түнгі уақытта ересек қыздар жасырын
келіп, тамақтандырды, майдандағы жаңалықтарды айтып,
қамқорлық көрсетті. Немістер балаларды қан алу үшін
іріктеп алған екен. Ол немістер Мәскеуді жаулап алуға
71