Page 72 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 72
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
қалдым - ол оған өте ұқсас болды, содан кейін ол
ағам Иван екенін түсіндім. Ол сондай-ақ біздің ауылдың
бірнеше балаларын алып кетті. Ауылға келдік - үйде тауық
та жоқ, балапан да жоқ, сарай бос. Әкем мен анам тірі, апа-
қарындастарым аман. Ары қарай өмір сүре бастадық».
Соғыстан кейін Пелагея Павловна лагерьде алған
жарақаттан ұзақ уақыт қиналды. Аяқ-қолы қалтырап, есту
қабілеті нашарлады. Оқу керек болмады, ағаш кесетін
жерде жұмыс істеді. Содан кейін ол күйеуге шықты, күйеуі
коммунист болды, ғасырдың басты құрылыстарына
ұмтылды, осылайша ол Қазақстанға келді. Бүгінгі таңда
Пелагея Павловнаның екі баласы, немерелері бар.
Уақыт емші және жылдар өте естеліктер бәсеңдейді
дейді. Пелагея Павловна үшін ол тіпті де олай емес. Жетпіс
бес жыл өтті, бірақ жалындаған отта, өз үйлерінде қаза
тапқан қарттардың, әйелдер мен балалардың айқайы әлі
күнге дейін естіледі, қатты ашыққан баланың тамақ жегісі
келгені үшін ғана, өмірден аяусыз өткені әлі көз алдында.
Ол басынан өткен қиындықтарды ешқашан және ешкім
көрмегенін қалайды.
74