Page 70 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 70
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
ұмтылған кез, жараланғандар көп болған, қан құю
үшін қан көп қажет болған.
Балаларға екпені ауруханада жасырын жұмыс
істейтіндер әдейі, немістер балаларды ауру, оларда
инфекция бар және донорлыққа пайдасыз деп ойлауы үшін
жасаған екен...
Содан кейін кішкентай тұтқындарды Дессау
қаласында орналасқан еңбек лагеріне жіберді. Онда
«Юнкерс» ұшақтарын жасады. Балалар тікенекті сыммен
қоршалған баракта тұрды, сабанмен тоқылған қабаттық
кереуеттерде ұйықтады, жалаң аяқ жүрді, біреулердің
киімдерін киді.
Оларды саппен жұмысқа жер астындағы құпия
шахтада орналасқан зауытқа айдайтын. Осылай балалар екі
жылға жуық өмір сүрді. «Көтермеге кіресің, ол-ж-ж-ж! деп,
шахтаға терең түседі, - деп еске алады Пелагея Павловна. -
Бізге тістеуіктер берді, ұшу кезінде бұрандамалар бұралып
кетпес үшін, оларға сымды бұрауымыз керек еді. Ал үлкен
балалар бізге біздің әскерлеріміз немістерді қуып
жатқаның жеткізетін. Біз керісінше бұрандамаларды
босатып тастап, немістерге зиян келтіре бастадық».
Сондай-ақ, Пелагеяның есінде ұрланған картоп үшін,
ұл баланы қалай өлтіргендері мәңгі қалды. «Түскі ас бір
пісірілген картоп, бір сәбіз және қайнаған су шөмішінен
тұрды, - дейді бұрынғы тұтқын. - Чандар, ағаш шөміш
тұратын, сен келіп, қатаң түрде бір картоп, бір сәбіз алу
керексің, су құйып алып, отырып, жеуің керек. Бір бала
қатты ашығып, тағы бір картоп алды. Оны Христос сияқты
асханада үлкен шегелермен қолдарын шегелеп іліп қойды.
Қан ағып жатты, ол шырылдап жатты, ал бізді қарап тұруға
72