Page 38 - Республиканский интерактивный журнал "Филолог" №1 2020
P. 38

«Филолог» №1 2020
                                                     ШҚО,Семей қаласы
                          Халық қаһарманы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп
                                              Нартова Камилла Кенесбековна
                                                   11 «А»-сынып оқушысы
                         Жетекшісі:  Макыпова Марияхан Тлеубековна-тарих пәнінің мұғалімі
                                           «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
                           Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз жаңа оқиғалар жаңа есімдер

                                                                                             Алаш туы астында,
                                                                                                                               Біз алаштың баласы.
                                                                                                                              Күніміз туып көгерді,
                                                                                                                            Өлер жерден кеттік біз,
                                                                                                                             Бұл заманға жеттік біз!
                                                                                                                          Жасайды алаш, өлмейміз!
                                                                                                                          Жасасын, алаш, жасасын!
                                                                                     Сұлтанмахмұт Торайғыров

                  Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды
        ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында
        Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз жаңа оқиғалар жаңа есімдер тұрды. Алаш қайраткерлерінің
        қай-қайсы да қоғамдық және рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы
        сезінді. Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш
        қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Алаш қай-
        раткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-
        мәдени өміріне еніп, «Алаш» сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла ай-
        тылып келеді.
                Алаштықтардың азаттық идеясы Елбасымыздың мәңгілік ел идеясымен сабақтас. Бүгінде халқы-
        мыз «Мәңгілік Ел» идеясы-Түркі қағандарының, Қазақ хандарының қалауы, Абайдың арманы, Алаш
        қайреткерлерінің ғасырлар бойы  армандаған, елді ымыраға ұйыстыратын, ірі мақсатқа жұдырықтай
        жұмылдыратын, ұлттық идеология екендігін ұғынды. «Қасиетті қазақ жері-ата-бабаларымыздың даң-
        қты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер», деген Елбасы.
                Азамат соғысы жылдарында кеңес үкіметі екіжүзділік саясат ұстанып, ақгвардияшылармен  тіл
        біріктіріп, өзіне қарсы әркет еткен ұлттық үкімет мүшелеріне біртіндеп кешірім бере отырып олармен
        ымыраласу бағытына көшті. Соның нәтижесі 1919 жылы 4 сәуірде БОАК-тың «Азамат соғысы жыл-
        дары Кеңес үкіметіне қарсы пиғылда болған Алашордалықтарға кешірім беру» туралы Декрет қабыл-
        данды. Алайда, тоталитарлық жүйе қалыптаса бастағаннан-ақ кеңес үкіметі  Алаш қайраткерлеріне
        берген уәдесін бұза отырып, оларды қудалауға ұшыратты.
                 Кеңес үкіметі жер-жерде толықтай орнағаннан кейін басқару орындары Алашордашылықтардың
        талап-тілектеріне құлақ аспай бастады, бірте-бірте оларды биліктен  шеттетуге тырысты. Қызыл би-
        ліктің әккі саясатын әшкерелемек болған Алаш мүшесінің бірі Отыншы Көшбаев большевиктер қолы-
        нан қаза тапты. Осылайша бұрынғы  Алаштықтарға қарсы саясат ақырын болса да басталып кетті.
                  1920 жылдарда жиі көтеріліп, ұдайы назарда ұсталған тақырыптардың бірі-баспасөз мәселесі.
        Оны дамыту кеңес саясатына қаулы-қарарларды орындату, партиялық насихат құралы ретінде өз идео-
        логиясын  жүргізу үшін қажет  болса, Алаш оқығандарына тезден ағарту, халық санасына сыналап
        болса да,  ұлттық дәнектің мәйегін  үшін қымбат болды. Алаштық интеллигенция пікір алаңынан то-
        лық шеттетілгенге дейін ағарту майданында, баспасөз шебінде күрескерлік әрекеттер жасады. Н.Ома-
        шевтың авторлығымен шыққан «1920 жылдардағы кеңестік журналистика» атты еңбекте Қазревком-
        ның баспа органы болған «Ұшқын» газетінде жарияланған «Алаш» пен «Алашордаға» қатысты мате-
        риалдар енгізілген.
                 Алашордашыларға қарсы репрессия Қазақ АКСР ОАК-тың 1928 жылы 27 тамызда шыққан «аса
        ірі байларды тәркілеу және жер аудару» декреті қабылданған соң басталды деуге болады. Себебі, Ке-
        ңестік билік органы мүмкін болған халықтық қозғалыстың демберушілері мен ұйымдастырушылары



                                                                                                              38
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43