Page 39 - Республиканский интерактивный журнал "Филолог" №1 2020
P. 39
«Филолог» №1 2020
ретінде Алашордашылардан көрді. 1928 жылы 16 қазан күні Семейде БМСБ қызметкерлері респуб-
лика Мемлекеттік жоспары алқасының мүшесі Х.Ғаббасов тұтқындалды. Ал 1928 жылы желтоқсан
айында Қызылорда Қазақ драма театрының директоры, бұрынғы Алаш қозғалысының белсенді мүшесі
болған Д.Әбілов «Кеңестерге қарсы күрес жүргізді» деген айыппен тұтқындалады. Тергеу барысында
БМСБ қызметкерлері одан алашордашылардың кеңестік кезеңдегі контрреволюциялық қызметі не-
месе осылай кінәлауға негіз болған мәліметтер алды. Тергеу ісінде оның қызметі туралы күмәнді және
қарама-қайшы пікірлер туындады. Осылайша Отан тарихындағы Алаш қозғалысы мен Алашордалық-
тардың ісін қараған «Алаш ісі» сот процесі басталды.
«Алаш ісі» 1928 жылдан бастап Алаш қозғалысына қатысқандарды Кеңес үкіметінің жаппай тұт-
қынға алып, тергеп, 1930-32 жж. сот процестерінің шешімдері арқылы әр түрлі мерзімге түрмелер кон-
цлагерлерге қамау саясаты олардың басым көпшілігіне 1918-1920 жж. Алашорда қатарында болып,
Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізді, ал одан кейінгі жылдары Кеңес үкіметін құлатуға қарсы
әрекеттер жасады, контррреволюциялық орталықтар құрып, кең көлемде Кеңеске қарсы ұлтшыл үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізді, шетелдік кеңес мемлекетіне қарсы орталықтармен байланыста болды
деген жалған айыптар тағылды.
Құрамында 44 адам кірген «Алаш ісі» бойынша тергеу жұмысы екі кезеңнен тұрды. Біріншісі,
1928 ж. қазан-1929 ж. шілде аралығы, тергу ісі Қызылорда мен Алматыда; ал екінші кезеңде 1929 ж.
шілдеден бастап ол Мәскеуде жүргізілді. Д.Әділовтан басқа 43 айыпталушы қатаң бақылау күзетімен
Бутырка түрмесіне жіберілді. Бұл процесті ұйымдастырушылардың ойынша Алашордашылардың тер-
геу ісін Мәскеуге жіберуі сот шешімінің объективтілігін көрсетуге жағдай жасауы тиіс болды. Алайда,
Алматы мен Мәскеудегі сот процесі тек қана саяси сипат алды. Сондай-ақ, бұл істе қылмыстық кодекс
дөрекі түрде бұрмалана, бұзыла отырып, біріншіден тергеу қылмыстық ісін бастау туралы шешім шы-
ғарылмастан басталып кетті және тек қана айыптау жағына баса мән берілді: екіншіден, тұтқындалу-
шылардың барлығы да прокурордың санкциясысыз және жеткіліксіз айыптаулармен басталды; үшін-
шіден, ең негізгісі-тергеу ісі алашордашылар тарапынан қандай да бір контрреволюциялық ұйымның
құрылғанын, болғанын, оның өзіндік бағдарламасы, жарғысы, мақсаты мен оны іске асыруда жасаған
әрекетін әшкерелейтін дәлел таба алмады. Тіпті тергеу соңында айыпталушылар іс материалдарымен
таныстырылмай және қорғау ісінен мақрұм болды.
1930 жылы 4 сәуірде БМСБ алқасының үкімінен 13 адам ату жазасына,
10 жылға бас бостандығынан айырылып және концлагерге қамау, 7 адам-10 жылға, 15 адам-3-
6 жылдарға қамау жазасына кесіліп, 2 айыпталушы тергеу барысында қаза тапты. КСРО БМСБ алқасы
1930 жылы қаңтарда өткен, 1930 жылы 4 сәуірдегі шешіміне қайта орала отырып айыпталушыларға
кесілгендер ішінен 4 адам (Байтұрсынов, Дулатов, Есполов, Біржанов) 10 жыл мерзімге концлагерге
айдаумен өзгертілді.
1930 жылы қыркүйек-қазан айларында БМСБ органы тарапынан Қазақстанда алашордашыларды
тұтқындаудың екінші толқыны басталды. Сол жылдың 20 қараша күні Алматыдағы БМСБ түрмесінде
40-тан аса дам "қазақ ұлтшылдығы" деген айыппен қамауға алынды. Олардың ішінде М.Тынышпаев,
К.Кемеңгеров, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Әуезов. Ж.Ақпаев, Ж.Күдерин, т.б.
белгілі қоғам қайреткерлері болды. Бірінші топты қуғындау кезіндегідей бұл топты айыптауда да
қылмыстық кодесктің ережелері өрескел бұзылып отырды. Істің қорытындысы бойынша тұтқындал-
ғандарға «Қазақстандағы кеңестік жер саясатына, байлардың мүлік тәркілеу, шаруашылықты ұжым-
дастыру мен ет дайындау жоспарын орындау және кеңестік басшы аппарат қызметкерлерінің ісіне
кедергі келтіру, сондай-ақ кеңес үкіметін аудару мақсатында қарулы қарсылық дайындау» деген айып
тағылды.
«Қазақ ұлтшылдары»деген атпен басталған бұл екінші тергеу ісі Алматыда жүргізіліп, соңғы ше-
шім жазалау туралы үкім Мәскеуде шешілді. Нақты айыптар тағылмаса да тұтқынға алынғандар бір
жылға жуық БМСБ камераларында азап шекті. Соңғылығында 20 адамның тергеуі «іске байланысты
мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылып, олар бостандыққа жіберілді». Қалған 20
адамның айыпталу қорытындысы Қазақ АКСР БМСБ ӨӨ үштігіне берілді.Өз кезегінде, 1932 жылы
20 сәуірде Үштік шешімімен 15 адам 5 жыл мерзімге концлагерге айдауға үкім етілді. Кейін бұл үкім
Ресейдің қара топырақты өлкесі болған Воронеж облысына жер аударумен ауыстырылды. Олардың
ішінде М.Тынышпаев, Ж,Ақпаев, Х. Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, С.Қадырбаев, К.Кемеңгеров,
Ж.Күдерин, М.Мурзин, Ж.Тлеулин, К.Тоқтабаев, т.б. болды. Осы топпен бірге бастары істі болған
39