Page 41 - Республиканский интерактивный журнал "Филолог" №1 2020
P. 41

«Филолог» №1 2020
        те тұтқындалады. ОГПУ үштігінің шешімімен үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын Бе-
        ломор-Балтық лагеріне жіберіледі. Одан тек 1933 жылғы Дүниежүзілік Қызыл Креске Максим Горь-
        кийдің  жұбайы  Е.П.  Пешкованың  жолдаған  өтінішінің  ықпалымен  мерзімінен  бұрын  босатылады.
        Бірақ та әрбір басқан қадамы үнемі НКВД қызметкерлерінің аңдуында болып, ақыры 1937 жылдың 17
        наурызында қайтадан қамауға алынады.
        1937 жылдың 14 қыркүйегінде елім деп туған есіл ер Имам Әлімбеков енді ғана елуден асқан шағында
        Қарағанды облыстық НКВД басқармасы жанындағы үштіктің шешімімен жазықсыз атылады.
               Ахметжан Қозыбағаров Алаш партиясының белсенді мүшесі, әрі Ахмет Байтұрсыновтың жа-
        қын серігі, қазақ ұлтынан шыққан демократиялық зиялылардың бірі. Әрі ол  алғашқы білімді  дәрі-
        гер.Ахметжан  Қозыбағаров  1879  жылдың  1-  мамырында  бұрынғы  Семей  облысының  Шыңғыстау
        ауданына қарасты Әтей ауылында, (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) ауқатты ша-
        руаның отбасында дүниеге келген.Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен алғаш «Алаш»
        партиясының Семей облыстық комитеті құрылғанда, Ахметжан Қозыбағаров оның басшылық құра-
        мына еніп, қоғамдағы саяси жұмыстарға білек сыбана араласады. Ол Облыста қазақ съездерін ұйым-
        дастырып өткізуге қатысып, облыстық қазақ комитетіне мүшелікке сайланады. Сол тұстағы қазақ ко-
        митеттерінің тарихи ролін, қазіргі таңда алаштанушылар «ұлттық мемлекеттің негізі, бастау көздері
        еді» деп бағалайды.
               Шынында да, аталмыш облыстық комитеттің ұсынысы бойынша ұлттық автономия құру мәсе-
        лесі, ең бірінші болып Семейдегі қазақ съезінде көтерілді. 1917 жылдың күзінде Семей облысында
        Земстволық басқару органдарының сайлауы жаппай өткізіле бастаған кезде Алаш қайраткерлері де
        халықтық биліктен шет қалмау мақсатында оған бір кісідей жұмыла атсалысады. Осындай саяси нау-
        қан барысында А.Қозыбағаров бұрынғы Алаш қаласы тұрғындары атынан, алғашқыда Семей уездік
        Земствосына депутат ретінде сайланып, одан кейін оның басқарма төрағасы болып тағайындалады.
        Олар негізінен милиция, сот органдарын құру, жер бөлу, несие-қаржы беру, шаруашылықты дамыту,
        азық-түлікпен жабдықтау, денсаулық сақтау, білім беру, ұлттық мектептерді ашу тәрізді тағы басқа
        саяси,  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдағы  мәселелермен  айналысты.  Ахметжан  Қозыбағаровтың
        тағы бір баса назар аударарлық қоғамдық қызметі Алаш қаласында ұлттық педагог кадрларды даярлау
        мен қазақ мектептерін ашу мәселелерімен тығыз байланысты болды. Бұл істерде ол Мәннан Тұрған-
        баев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтармен бірлесіп жұмыс жа-
        сады. Сол уақытта Алаш қаласында екі қазақ, бір мұсылман, арнаулы білім беретін қыздар мектептері
        ашылып, қызмет көрсетті.
               Ахметжан Қозыбағаровтың ұйымдастыруымен 1921 жылы губерниялық ұйымдар бөлген және
        бұрыңғы Шынғыстау болысы тұрғындарынан жиналған қаржыға қазіргі Абай ауданының орталығы
        Қаруылдан 70 шақырымдай жырақта Архат тауының қойнауынан аурухана салдырады. Құйылған кір-
        піштен тұрғызылған аурухананың екі ғимаратында 16 бөлме болыпты. 1973 жылы шілде айында Ар-
        хатқа арнайы барған Ахметжанның ұлы Алаш сол шақта ауруханада әкесімен  бірге жұмыс істеген
        аурухананың атқосшысы болған Әзімжан ақсақалмен кездесіп, көп дерек алған. Әзімжан атаның ай-
        туынша  аурухананың  қосалқы  кей  үйлері  1963  жылға  дейін  сақталып  келген  екен.
        Семейде Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде де А.Қозыбағаров біраз уақыт жергілікті әкімшілік
        орындарда басшылық қызметтер атқарады.
               Келесі тоқталатын тұлғамыз -Райымжан Мәрсеков. Ол– ұлтымыздың жарқын болашағы үшін
        күрескен ірі қоғам қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін Ж.Ақпаевпен қатар-
        лас бітірген жоғары білімді заңгер, Семей географиялық қоғамы бөлімшесіне мүше (1902-1911) болып,
        далалы        өлкені       зерттеу       ісіне      өз      үлесін       қосқан       алаш        арысы.
        XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси аренаға шығып, қоғам өміріне
        белсене араласуымен ерекшеленді. Сол қилы заманда қазақ қоғамын толғандырған мәселелер қабыр-
        ғасына батып, халқын алға жетелеген ұлт зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып
        Ақпаев, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов тб. көптеген арыстарымыздың
        қатарында Райымжан Мәрсеков есімі де зор құрметпен аталады.Райымжан Мәрсеков өлкеміздің тари-
        хында аты қалған, істеген жарқын істерінің ізі қалған аяулы тұлға.






                                                                                                              41
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46