Page 40 - Республиканский интерактивный журнал "Филолог" №1 2020
P. 40
«Филолог» №1 2020
Ә.Ермеков, М.Әуезов, Б.Сүлеев,Д.Ысқақов алдын –ала тергеуде отырып уақыты ескеріліп босатылды.
Жоғарыда аталған 15 адам 1932 жылы 5 мамыр айынан бастап жазасын өтеуге Воронеж облысына
әкелінді.
Семей – тарихы бай қала. Семейдің бауырында атақты дүлділ азаматтар, ғылым, әдебиет және
өнер қайраткерлері өсіп, қаланың дамуына өз үлестерін қосты. Осы жерде 1917 жылы «Алаш» пар-
тиясы мен Алаш-орда үкіметі құрылған. Алаш қайраткерлері Семей жерінде өмір сүріп, ағартушылық
қызметпен айналысқан. Біз Алаш қайраткерлерінің ағартушылық идеяларын насихаттап, Алаш арыс-
тарының жазықсыз ұмытылған есімдерін өскелең ұрпаққа жеткізуді көздейміз. Алаш ұлт-азаттық қоз-
ғалысы тарихында Қарқаралы қаласының алатын орны ерекше. 1917 жылғы ақпан және қазан төңке-
рістері кезінде, сондай-ақ азаматтық қарсыласу жылдары Семей губерниясының Қарқаралы уезі елі-
міздің шығысындағы ірі саяси-революциялық орталықтардың біріне айналды. Сондай әлеуметтік-
саяси белсенді ортадан суырылып шыққан Алаш қайраткерлерінің бірі – Имам Әлімбеков еді. Ол 1885
жылы бұрынғы Семей губерниясы Қарқаралы уезінің Ақсары болысында дүниеге келген. Азан шақы-
рып қойған аты Имаммағзұм. Бірақ та ел-жұрты оны Имам деп атап кеткен.
Жалпы Имам Әлімбековтің қоғамдық-саяси өміріне қатысты бір деректе, оның Қарқаралыдағы
екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген соң, Семей мұғалімдер семинариясында Әбікей Сәтбаев-
пен бірге оқып, кейін сонда оқытушылық қызмет жасағаны сөз болады.Жалпы Имам Әлімбековтың
ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі туралы деректер негізінен оның алғаш Алаш қайраткерлері
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Әбікей Сәтбаевтармен етене жақын таныс,
сыралғы дос, қызметтес болған жылдарды қамтитынын айғақтайды. Бұл арада алдымен Ахаң мен
Имамның арасындағы педагогикалық-шығармашылық байланысты және олардың жеке отбасылық
өміріндегі ұқсас жайды айта кеткен жөн бе деп санаймын. Біріншіден, Имам Әлімбеков Семей мұға-
лімдер семинариясын Әбікей Сәтбаевпен қатар оқып бітіріп, одан Ахмет Байтұрсыновпен Қарқаралы
мектептерінде бірге қызмет атқарады. Осы уақытта ол Ахаңнан тәлім алып, өзінің шығармашылық
қабілетін ұштағанға ұқсайды. Екіншіден, жеке отбасылық ұқсастықтар жайында айтар болсақ, сол кез-
дегі патшалық Ресейдің Мәскеу, Петербург, Қазан және т.б. университеттерін бітірген қазақ оқыған-
дарының көбіне жұбайлары орыс не татар, ноғай, башқұрт ұлтынан болып келетін. Тіпті, Алаш көсем-
дері Әлихан мен Ахметтің әйелдері де орыс қыздары болатын.
Мысалы, академик Рабиға Сыздықова Ахмет Байтұрсынов туралы монографиялық зерттеу ең-
бегінде: «Көп ұзамай А. Байтұрсынов Омбыдан Қарқаралыға келіп, әуелі екі кластық орыс-қазақ мек-
тебінде, кейін училищеде сабақ береді…. Самодержавиеге қарсы пікірлер білдіріп, іс-әрекеттер жүр-
гізіп отыр деген айыппен ұсталып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады.
1918 жылдың басында Алашорда үкіметі өзінің уақытша тұрағы Семейге ат басын тіреген
уақытта Имам Әлімбеков саяси күреске белсене араласып, түрлі қоғамдық жұмыстар атқарады.
Жалпы осы уақытта Алашорда басшылығы ақтардың жасырын ұйымымен де байланыс орна-
тып, оған өз адамдарын жібереді. Кейінде Семейді Колчак әскері алып, қызылдарға қызмет жасағандар
қамауға түскен кезде, Имам Әлімбековты өлімнен құтқарып қалу үшін облыстық Земство басқарма-
сының басшылары Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов пен Әбікей Сәтбаевтар Семей облысының
әскери басқарушысына жазған баяндама хатында:«Большевики захватили власть и упрочились только
после прихода в Семипалатинск известного всем нам Звездовского отряда из Омска. К слову сказать,
частью этого отряда был убить один из милиционеров из состава киргизской милиции – семинарист
Гази Нурмухаметов… В начале апреля нам удалось установить, что в городе Семипалатинске работает
другая организация, преследовавшая ту же цель, что и мы. В целях поддержания живой связи, в эту
тайную организацию мы ввели трех своих представителей: по военно-оперативной части капитана
Тохтамышева, по гражданской Биахмета Сарсенова и Халиля Габбасова. При этом порядке взаимного
информирования, сведения той и другой организации делались общим достоянием, это возможно
было осуществить лишь через посредство тех лиц, которые были введены той или другой организаци-
ями в состав советских организаций. В этом Имам Алимбеков и др. члены областного киргизского
комитета оказали неоценимые услуги общему делу» деп оның сіңірген еңбегін ерекше айтып көрсетеді
Алаш қайраткері Имам Әлімбеков азаматтық қарсыласу жылдары Самара қаласында өткен Сі-
бір автономистерінің өзін-өзі билеу мәселесін қарастырған сьезіне делегат ретінде қатысып, Семейдегі
Алаш милициясы мен атты әскер полкін құрып, жасақтау ісіне араласады.1930 жылдардың басында
Алаш қайраткерлері «халық жауы» ретінде айыпталып, қамуға түсе бастаған кезде Имам Әлімбеков
40