Page 51 - Термоядролық энергетика. Токамак
P. 51
Елбасы Н.Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен «Қазақстандық
термоядролық материалтану реакторы Токамакты құруға ғылыми-техникалық
қолдау (Токамак ҚТМ)» атты бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында
термоядролық реакторды жасау үшін қазақстандық ғалымдар 15 жылдан бері
тынымсыз еңбек етіп, нәтижесі халықаралық деңгейде белгілі болды. 2010
жылы 5 қыркүйекте «Токамак ҚТМ-нің» алғашқы жобасы іске қосылды. Онда
алғаш рет қуаты 25 кА болатын «плазма» алынды.
Осы орайда Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас
директоры Ерлан Батырбеков: «Бұл ірі жобаны жүзеге асыру жұмыстары
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығында 2003 жылдан бері жүргізіліп келе
жатыр. Бұл Токамакқа әлемдегі ядролық ғылыми қауымдастық мүшелері
тарапынан үлкен қызығушылық бар. Болашақта осы жобаны бірнеше ел бірігіп
пайдаланбақ. Олардың барлығы да өздерінде термоядролық энергетиканы
дамытуды көздейтін мемлекеттер. Егер Жапония, Франция, Ресей сияқты
ғылымы дамыған елдер Қазақстанға келіп, тәжірибе жинақтап жатса, қалай
мақтанбасқа?! Ал бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тың жобасы аясында
нәтижелі жүзеге асып жатыр», дейді.