Page 53 - Термоядролық энергетика. Токамак
P. 53

ғалымдармен  бірлесе  жасап  жатқан  бөлімдері  де  бар  екенін  айта  кету  керек.

            2012  жылы  ТМД  елдерінің  АТОМ-ТМД  комиссиясы  болашақ  тероядролық

            реакторлардың  вакуумды  камера  және  ішкі  камералық  бөліктерін  іске  қосуға

            болатындығын  анықтады.  Содан  бері  алыс-жақын  шетелден  жобаға

            қызығушылық  танытқан  термоядролық  қоғамдастықтар  әріптестік  орнатуға

            асыққан.  Нәтижесінде  еліміз  әлемдегі  ең  ірі  ғылыми  орталықтармен,  атап

            айтқанда,         Ресейдің        Курчатов         институты,          италиялық         INEA,

            испаниялық   CIEMAT,  жапониялық  JAEA  және  тағы  басқа  елдермен  мемо-

            рандумға қол қойды. «Бізге болашақта «Токамак ҚТМ-ны» қолданушылардың

            халықаралық  коалициясын  құру  жөнінде  ұсыныс  түсті.  Ал  орталықтың

            халықаралық         ITER      ұйымымен         жасалған       термоядролық          энергетика

            келісімшарты  аясында  жаңа  токамактар  салу  құрылысы  қолға  алынбақ.  Бірақ

            олардың  Курчатовтағы  алғашқы  материалтану  «Токамак  ҚТМ-нан»  айыр-

            машылығы жер мен көктей. Өйткені оның маңызы, әлеуеті дүние жүзі бойынша

            өте  күшті  термоядролық  қабілетке  ие.  Токамак  –  адамзат  игілігі  үшін  қолға

            алынған жоба. Оның бейбіт атомды насихаттауда маңызы зор. 2016 жылы жоба

            құрылысын  жүзеге  асыруға  бюджеттен  бөлінген  қаражат  жұмыстың  тоқтап

            қалмай,  сәтті  аяқталуына  мүмкіндік  берді.  Жобаның  аяқталуы,  іске  қосылуы


            Астанада ашылған ЭКСПО-2017 көрмесіне тұспа-тұс келіп ел мәртебесін тағы
            бір  асқақтатты.  Бұл  ауқымды  істің  бастауында  Елбасы  Н.Назарбаевтың


            тұрғанын ерекше атап өткім келеді», деді Е.Батырбеков.
                   Ғалымның  ойынша,  Токамактың  екінші  бөлімін  іске  қосу  үшін


            физикалық тұрғыда ғалымдарға кемі екі жыл керек. Себебі ол өте күрделі жүйе.
            Негізі  материалтану  реакторынан  тұратындықтан,  оны  жеңіл-желпі  қоса  салу


            мүмкін емес. Оны бағыттап, қатты күшке салмау  – бәрі қазақ ғалымдарының

            біліктілігі мен білімділігіне, ептілігіне байланысты.

                   Ұлттық  ядролық  орталықтың  атом  энергиясы  қауіпсіздігін  сақтау

            шаралары термоядролық синтезге де байланысты жоғары дәрежеде сақталады.

            Қазақстандық  ғалымдардың  ҚТМ-дегі  қауіпсіздікті  жоғары  дәрежеде  қамтам-

            асыз     еткенін      әлем     мойындап        отырған      көрінеді.     ҰЯО       директоры
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58