Page 52 - Термоядролық энергетика. Токамак
P. 52

–  Осы  орайда  жалпы  ғылымда  термоядролық  энергетиканы  қандай

            мақсатта  дамытады?  Дамыған  мемлекеттер  неге  бұл  жобаға  құштарлық

            танытады деген заңды сұрақ туады  – деп жалғады сөзін Ерлан Батырбеков,  –

            жер  шарында  көмір  мен  уран  қоры  шектеулі.  Сондықтан  біз  болашағымызды

            ерте  бастан  қамтуымыз  қажет.  Көмір,  уранды  пайдалану  кезінде,  ауаға

            таралатын улы газдар, түрлі қоспалар табиғатты бұзып, ауаны ластайды. Осыны

            болдырмас үшін, біз термоядролық энергетика саласын дамытуды қолға алдық.

            Жыл сайын тек Қазақстанда емес, бүкіл дүние жүзінде де электр энергиясына

            деген  сұраныс  күннен-күнге  артуда.  Бұл  сұраныстың  арту  төркінін  түсіну

            қиынға  соқпайды,  яғни  жаңа  технологиялар  көбейген  сайын  қуат  көзін  көп

            қажет  ететіні  белгілі  ғой.  Үйіңізде  немесе  жұмыс  орныңыздағы  компьютер,

            тоңазытқыш,  ауа  баптағыш  секілді  түрлі  жаңа  технологиялар,  медициналық

            құрал-жабдықтар тек электр энергиясының қуаты арқылы жұмыс істейді. Оған

            шетелде  әлдеқашан  қолданысқа  енген  электр  энергиясынан  қуат  алатын

            көліктерді қосыңыз. Қазіргі таңда қарапайым тәсілмен өндірілетін электр энер-

            гиясы солардың барлығына бірдей жете бермейді. Міне, осы кезде термоядро-

            лық энергия көмекке келеді. Термоядролық энергия көзі өндіретін қуат қазіргі

            электр  энергиясы  беретін  қуаттан  миллион  есе  күшті!  Сол  себепті  термоядро


            көптеген  мемлекеттердің  қызығушылығын  туғызды.  Осы  ретте  қазақстандық
            «Токамак  ҚТМ»  –  термоядролық  қуат  көзін  өндіру  бағытындағы  айтулы


            жаңалық. Мұны әлем ғалымдары да мойындап отыр.
                   Ғалымның  айтуынша,  басқармалы  термоядролық  синтез  –  қуат  көзінің


            таусылмас қайнары. Ол сутегі изотоптары арқылы іске қосылады, ураннан 100
            есе,  ал  көмір  қуатынан  10  млн  есе  күшті.  Ең  бастысы  –  қоршаған  ортаға  еш


            зияны  жоқ,  нағыз  қалдықсыз  жасыл  технология.  Токамактағы  материалтану

            реакторының  негізі  –  термоядролық  реакция,  ғылыми  тілде  термоядролық

            синтез  деп  аталады.  Ол  миллиондаған  градус  температурада  жүзеге  асатын

            ядролық  бірігу  реакциясын  білдіреді.  «Токамак  ҚТМ»  –  энергиямен  үздіксіз

            қамтамасыз ететін термоядролық синтез. Токамакты тіпті жердегі жасанды күн

            көзі  деуге  де  әбден  болады.  Бұл  үлкен  жобаның  ресейлік,  жапониялық
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57