Page 4 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 4

КІРІСПЕ


                   Еліміздің  бай  тарихы,  ұлттық  танымы,            салт-
              дәстүрлері,  өнері  мен  мәдениетін  терең  білгенде  ғана  біз
              өзімізді  жетік  танимыз.  Жас  ұрпақтың  санасына  өзіміздің
              таңсық,  тағылымы  мол  мұраларымызды  сіңіруіміз  керек.
              Сабақтан  тыс  кезде  уақытты  пайдалы  әрі  тиімді  өткізуге
              аталмыш  жинақ  оң  септігін  тигізеді  деп  санаймыз.
              Кітапшада  бірнеше  квест  ойындары  топтастырылған.  Бұл
              ойын қазіргі таңда жастар арасында ең көп ойналады. Квест
              ойыны  жастардың  ой  шапшаңдығы  мен  көшбасшылық
              қасиеттерін  дамытып,  зеректігін  арттырады,  көзқарастарын
              өзгертеді. Бұл жинақ мектептер мен колледждерге, сондай-
              ақ  жоғары  оқу  орындары  және  басқа  да  білім  беру
              мекемелеріне көмекші құрал болып табылады.
                   «Тәуелсіздігім  –  тірегім»  атты  квест  ойынында
              қатысушылар        шығармашылық         және      тәжірибелік
              тапсырмалар арқылы Тәуелсіз Қазақстанның ірі жетістіктері
              жайлы тың мәліметтер жинайды, білімін толықтырады.























          4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9