Page 6 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 6

1. «КӨҢІЛДІ КҮН» КВЕСТ ОЙЫНЫ

                       Мақсаты:  білім  алушыларды  ұйымшылдыққа,  өзара
          бірлікке, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты
          дамыту,  позитивті  өзара  қарым-қатынасты  қалыптастыру,  креативті
          ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.
                        І Ұйымдастыру бөлімі
                 -  Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  білім  алушылар!  «Көңілді  күн»
          квест  ойынына  қош  келдіңіздер!  Квест  дегеніміз  не?  Квест  –  ағылшын
          тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез келген
          оқиғаны  іске  асыруда  іздену  арқылы  жүзеге  асыратын  ойын,
          тапсырмалар.
                  Үш  топ  маршрут  парағы  бойынша  түрлі  тапсырмаларды
          орындайды.  Яғни  кедергілерден  өте  отырып,  келесі  тапсырмаға  өтуге
          көмектесетін  жауап  табу.  «Көңілді  күн»  квест  ойыны  –  бұл  әртүрлі
          эмоцияларға, шығармашылық шабыттарға, бірлік  пен ынтымақтастыққа
          толы.
                 «Көңілді күн» квест ойыны ережесімен таныс болыңыздар:
                    Барлық  тапсырманы  орындауда  ережені  сақтай  отырып,  әділ
          ойнау;
                    Командамен бірлікте жұмыс жасау;
                    Басқа адамдардың пікірін құрметтеу.
                   «Көңілді  күн»  квест  ойынының         шарттарымен  таныс
          болыңыздар:
                    «Шатасқан әріптер»
                    «Мақал- сөздің мәйегі»
                    «Қызық екен»
                    «Ойлан тап»
                       ІІ Негізгі бөлім
                 «Көңілді күн» бөлмесіне кіру үшін оның есігін ашу керек, ал кілт
          кімде болуы мүмкін? Оны білу үшін «Шатасқан әріптер» тапсырмасын
          орындауымыз қажет.




          6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11