Page 10 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 10

Жауабы:
           1.  Бәтеңке  +  (Бәтеңке  киген  адам  және  қолында  екі  биноколь)  х
        бинокльге* = ? 5 + (5 + 10 + 4) * 2 = 43
           2.  2  (сағат  тілі  2)  +  3  (3  банан)  +  3  (3  банана)  х  11
        (алтыбұрыш+бесбұрыш) = 2+3+3х11= 38
                 ІІІ Қорытынды бөлім
           Рефлексия «12 сөз»
           Мінеки, біздің «Көңілді күн» квест ойынымыз мәресіне жетті.
           Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді әділ қазы алқасына берейік.
           Кездескенше күн жақсы!


                   2.    «ТӘУЕЛСІЗДІГІМ  –  ТІРЕГІМ»
                    .
                                КВЕСТ ОЙЫНЫ


               Мақсаты:
                Қатысушыларды       жан     -    жақтылыққа,     шапшаңдыққа,
        шығармашылыққа,  жастарды  өзара  бірлікке,  елтануға  шақыру.  Оқу
        қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.
               Көрнекіліктер: Тірек сөздер, шағын карта, сызбалар, электронды
        сызбалар.
               Ойынға дайындық:
               4 қатысушыдан 5 команда жасақталады. Командалар алдын ала өз
        ұрандарын дайындауы керек. Әр команда өзінің топ басшысын сайлайды.
        Командалар ойынның алдында таратылып берген картамен тірек сөздерді
        қолдану арқылы деңгейлерге өтіп отырады. Ойын 4 деңгейден тұрады. Әр
        деңгейде еліміздің тарихы, географиясы, көрнекті тұлғаларына байланысты
        сұрақтар жасырылған. Ұйымдастырушылар ойынға дайындалған қосымша
        материал арқылы квест ауланы бір күнбұрын әзірлейді.
               Сайыс талаптары: Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
               Қатысушыларға  әр кезеңнің тапсырмаларын орындау үшін
        5 минут уақыт беріледі.






          1
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15