Page 5 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 5

QUEST








                Ал  «Білім  –  теңіз»  квест  бәсекесі  оқушылардың
            зияткерлік  қабілеттерін  анықтайды.  Қатысушыларға  әртүрлі
            тапсырма беру арқылы білімдері, бәсекеге қабілеттілігі, іздену,
            ойлану,  толғану  дағдыларын  ашу  көзделген.  Жастардың
            география, әдебиет, физика, тарих, алғашқы әскери дайындық,
            дене  шынықтыру  сабақтары  бойынша  танымы,  біліктілігі
            сыналады.
                «Туған жерді  танып, біл!»  квест ойынында сайыскерлер
            ұлы  даламыздың  әйгілі  тұлғалары  мен  қастерлі  қалалары
            жөнінде ізденіс жасайды. Жоба арқылы қатысушылар еліміздің
            тарихи  жерлері  жайында  ақпарат  жинап,  атамекеніміздің
            қасиет-қадірін, тарихи, әлеуметтік, мәдени жетістіктерін айқын
            сезінеді.  Ұлт  руханиятына  сүбелі  үлес  қосқан  дарындар
            жөнінде  білімін  толықтырмақ.  Әр  кезең  баланы  барлық
            жағынан  сынауға  мүмкіндік  береді.  Квест  жас  буынды
            ұйымшылдыққа,  ғылымға,  тапсырмалардың  шешімін  жылдам
            табуға,  топта  жұмыс  істеуге,  өзіндік  пікір  қалыптастыруға
            баулиды.  Кең  қолданыста  жүрген  бұл  дамыту  ойындары  жас
            буынның  ұлттық  құндылықтармен  сусындауына,  рухани
            жаңғыруына,  зиялы  азамат  болып  қалыптасуына  оң  серпін
            береді.















                                                                           5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10