Page 7 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 7
QUEST
Тапсырма №1 «Шатасқан әріптер»
Шатасқан әріптердің арасынан 7 сөзді тауып олардың бас
әріптерінен сөз құрап шығару керек. Сол құралған сөз келесі тапсырмаға
жол сілтейді. Берілген уақыт 3 минут.
Арпнакүнделікнпнвгапшагшнопсерпааорашпаваавшмриріздемпаз
оировгарвшвтщпавпрарашпатақтапнналрплнгпыпкшугегуешкещекврьтп
прапвштеңбекещндзнвпггкыгезнщгзкгшеберпапвнкааннгрепррнпрзейіна
папрапщвшваіетлщконаппаооүзіліснпеменгнггфввваыоаоаааакугнашкун
аукапапкбащнурааюиауар
Жауабы: «КҮЗЕТШІ»
Сонымен бөлмеміз ашылды. Топтар келесі тапсырмаға сілтеме
алады (5 қатар 4 орын. Акт залында тапсырмалар жасырынған).
Тапсырма № 2 «Мақал - сөздің мәйегі»
Әр топқа 3 суретті мақалдан таратылып беріледі, жауабын
берілген параққа жазып тез әкеліп тапсыру керек. Тапсырған топ келесі
тапсырмаға сілтеме алады.
Жауаптары:
1. Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
2. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
7

