Page 132 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 132

7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі туынды сын есімдерді теріп
                        жазыңдар.

                    Адамдар  жолды  «ойлап  тапқаннан»  бастап-ақ  олардың  ба-
                ғытын  көрсетіп  тұратын  жол  белгілері  қажет  болды.  Ертедегі
                адамдар  ондай  белгілерді  қолмен  жасап  отырды.  Мысалы,
                жүрер жолда тұрған ағаштың бұтақтарын сындырып немесе жол
                жиектеріне  әртүрлі  формадағы  тастардан  белгі  қойды.  Бірақ
                ол  бұтақтар  да  бірден  көзге  түсе  бермейтін,  жердегі  тастар  да
                «қозғалып» қалатын. Сондықтан адамдар енді «белгіні» табиғи
                заттардан  бөлек  етіп,  ажыратып  қоюды  ойластырды.  Сөйтіп,
                алғаш рет жол жиектерінде  үстіне Герместің бас мүсіні (Гермес
                – өлшемдерді, сандарды ойлап шығарып, адамдарды үйретуші)
                қойылған төрт бұрышты қысқа бағандар пайда болды. Ал, біз-
                дің  заманымызға  дейінгі  V  ғасырдан  бастап,  әртүрлі  шығарма
                кейіп керлерінің,  мемлекет  қайраткерлерінің,  философтардың
                бас  мүсіні  қойылған  тас  бағандар  көбейді.  Кейін  жазу  пайда
                болғаннан  кейін,  сол  бағандарға  маңындағы  елді  мекендердің
                аттары қоса жазылатын болды.
                    Жол белгілерінің дұрыс жүйесі біздің заманымызға дейінгі
                ІІІ ғасырда Ежелгі Римде жасалды. Кейін мұндай белгі әлемнің
                елдеріне түгел тарай бастады. Оған бірте-бірте елді мекен атау-
                лары мен олардың арақашықтығы қосылып көрсетілетін болды.
                    Қала  тұрғындары  көбейген  сайын  олардың  жүріп-тұруы
                қиындай  бастады.  Серуен-саяхат  аумағы  кеңейді.  Ат  арбамен,
                күймемен жүрудің өзі де күрделене бастаған.
                    Кейін  көліктің  түрі  де,    саны    да  көбейді.  Жүріс-тұрыс
                қиындай  түсті.  Соған  орай  «Жолда  жүру  ережелерінің  талап-
                тары»  да  өзгеріп,  қатаңдана  берді.  Біздің  елде  алғашқы  жол
                ережелері 1931 жылы Алматы қаласында қабылданды.

























             130
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137