Page 127 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 127

7-тапсырма. «Жигсо» – «бөлшекте, жинақта!» Сынып
                            үш топқа бірігеді. Әр топтағы оқушылар  №1, №2, № 3
                            деп белгіленеді.  1-кезеңде әр топтағы балалар мәтіннің
                       өздеріне тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар
                       нөмірлеріне  сәйкес  топ  болып  бірігеді.  Олар  өздері  оқыған
                       мәтін  бөлігінің  мазмұнын  бірігіп  талдайды,  ой  бөліседі.
                       3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да, жал-
                       пы мәтін мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен
                       (тірек  сөздер  кестесі,  кластер,  диаграмма,  сурет,  карта  және
                       т.б.)  ойларын  жинақтайды.  4-кезеңде  әр  топ  өз  жұмыстарын
                       сынып алдында қорғайды.

                                      Жол белгілері
            і.  Жол  апаттарын  көп  болдырмау  үшiн  «Жол  қозғалысы
        ережелерiн» жетiк бiлумiз керек. Жол белгілері – көлік қозғалы-
        сын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы
        жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол
        бойына қойылатын арнайы белгілер.
            Жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
            1. Ескерту белгілері
            2. Басымдылық белгілері
            3. Тыйым салу белгілері
            4. Міндеттеу белгілері
            5. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері
            6. Қызмет көрсету белгілері
            7. Қосымша тақтайшалар
            іі. Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын
        хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті
        тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін
        айқындайтын  шартты  белгілер  салынады.  Ескертуші  белгілер
        жүргізушіге  қауіпті  аймақтар  туралы  мағлұмат  беретіндіктен,
        олар  қала  ішінде  сол  аймаққа  жеткенге  дейінгі  50–100  метр,
        ал қаладан сырт жерлерде 150–300 метрге дейінгі қашықтықта
        қойылады.
            Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңіш-
        керген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері
        мен түстері әртүрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
            Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір
        шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін
        жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен
        көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер
        көрсетіледі.





                                                                                   125
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132