Page 126 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 126
8
4-тапсырма. Өлеңді аудиотаспадан мұқият тыңдаңдар.
5-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
− Өлеңде не туралы айтылады?
− Өлеңге қандай тақырып қояр едіңдер? Неге?
− Автор қай шумақта қандай жол белгілеріне ерекше тоқ та-
лып тұр?
− Өлеңде қандай сын есім сөздер қолданылды? Туынды сөз-
дердің қандай түрлері кездесті?
6-тапсырма. «Оймоншақ». 4 топқа бірігіңдер. Әр топ өлеңнің мазмұнын
қарасөзбен баяндап, мәтін түрінде айтыңдар. Мәтіндегі сөйлемдер бір-
бі рі мен логикалық жағынан сабақтасып тұрсын. Мәтінде тура және
ауыспалы мағынадағы қандай сөздер қолданылған?
сын есімнің заттануы
1. Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жал-
ғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің
зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп
аталады. Мысалы: Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақы
мақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) –
бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Ерін шек
тің (адамның?) – анықтауыш.
2. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, кө мек-
тес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанады. Мыса-
лы: Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Жа манмен (кіммен?) жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
Білімдіден (кімнен?)үйрен. Үлкенге (кімге?) құрмет,
кі шіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны
(кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.
124

