Page 124 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 124
А Ә. Қастеев
В Бен Хейн
С Леонардо да Винчи
D Қ. Нұрбекұлы
2. Сөйлемді толықтырыңдар: Қиял мәселені ...., ..... арқылы
шешсе, ойлау оны тірі суретсіз, жалпылай, ұғым, пікір, тұ-
жырым түрінде шешеді.
А суреттеу, жанды көрініс
В тез түсіндіру, жылдам ойланту
С кең шолып, байыптау
D тек шындықпен байланыстыру
6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңдегі ой мен оқылған мәтін-
дегі ойдың арасындағы ортақ тұжырымды табыңдар. Мәтіннен сын
есімдерді табыңдар. Олардың ойды жеткізудегі рөлі туралы айтыңдар.
Бір жерде көп отырсаң жалғыз өзің,
Көрмесе көңіл ашар жанды көзің.
Кейде ащы, кейде тәтті қиял билеп,
Кететін бар емес пе бір мінезің?
Қасыңда жүйрік қиял сонда серік,
Басыңда, әсіресе, болмаса ерік.
Қаулаған қалың үміт көзге елестеп,
Біресе ауыр қайғы қаптар келіп.
(Міржақып Дулатұлы)
7-тапсырма. «Қиялдың шегі бар ма?» тақырыбында ойкөкпар өт кі-
зің дер. Ол үшін 3 оқушыдан тұратын 2 топ құрыңдар. Бір топ ақ-
таушы, екінші топ даттаушы болады. Алдымен әдебиеттердегі ойкөк-
парды жүргізудің жол дарымен танысыңдар.
8-тапсырма. «Қиял – шығармашылық бастауы» тақырыбында өз ой-
тұжырымдарыңды жинақтап, 150 сөз көлемінде мәтін құрап жа зың-
дар. Мәтінде синоним, омоним, антоним болатын сын есімдерді орын-
ды қол даныңдар.
9-тапсырма. Жұптық жұмыс. «сөзжұмбақ құраймыз!» Осы бө-
лім материалдарының негізінде сөзжұмбақ құраңдар. Сөз жұм-
баққа қойылатын талаптар: 1) ортада «Қиял» деген тірек сөз
шығатын болсын; 2) сұрақтар қысқа әрі түсінікті болуы тиіс.
122

