Page 120 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 120
Бұл картиналардың ешқандай құпиясы жоқ. Әуелі
Бен қағазға салар дүниесінің нобайын сызып алады. Содан соң
ны санын шынайы бейнесінде суретке түсіріп алады. Артынан
суретін фотошопта өңдеп, қаныққан түрлі түстер үстемелейді.
Соның нәтижесінде таңғажайып туынды дүниеге келеді. Бары
сол ғана. Әрине, бұл үшін үлкен ерік-жігермен қатар, табиғи
таланттың да керегі анық.
Бен 2010 жылы алғашқы картинасын жеке бір хатын сурет-
термен түсіндіру кезінде, байқаусызда жасап шығарды. Қазір
суретшінің коллекциясында 100-ге жуық картина бар. Олардың
тақырыбы: махаббат, еркіндік, достық, өлімнен кейінгі өмір
және т.б.
«Мен өнерімді халық үшін жасаймын. Олар бір сәт күйбең
тірліктен бойларын суытып, қиял әлеміне енсе деймін. Мен көп
жылдар бұрын өлең шығарғанмын. Енді бүгін өз туындыларым
арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді.
Әрбір картинам әсем әуен мен өрнекті өлең секілді көңіл пернесін
дәл басып, тарихтан, өмірден сыр шерткенін қалаймын», – дейді
суретші.
6-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, өзіңнің Бен Хейнмен сұхба-
тыңды құрап жаз. Әңгімелерің 10–12 үнқатымнан (реплика) тұрсын.
Сұхбатта қою қаріппен белгіленген сын есім сөздерді міндетті түрде
қолдан. Олардың қайсысы қатыстық, қайсысы сапалық екенін
дәлелдеп айт.
7-тапсырма. салыстыр. Қайнаркөздерді пайдаланып, Бен Хейннің
өмір баяны туралы мәліметтерді тап. Оның өмірбаянын екі түр лі мәтін
түрінде жаз. Алдымен ресми өмірбаяндық мәтін түрінде құра (аты-
жөні, туған жылы, туған жері, қашан, қандай білім беру мекемелеріне
барды, отбасы туралы мәлімет бер). Содан соң осы мәліметтерді
көркем-әдеби мәтінге айналдырып жаз. Екінші мәтінде сурет шінің
туған ай, жыл мезгілі, жыл, туған жері, оқыған білім мекемелері,
отбасы туралы білетініңді көркем тілмен баяндап жаз. Қай мәтінде
бейнелі, көркемсөздер көбірек қолданылды? Себебі неде?
8-тапсырма. Бен Хейн салған төмендегі суретке қарап, сипаттамалық
мәтін құрап жазыңдар. Мәтінде салыстырмалы шырай түрлерін
қолданыңдар.
118

