Page 115 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 115
6-тапсырма. Суретке ат қойыңдар. Суретші баланың қиялы ту-
ралы мәтін құрап жазыңдар. Талаптар: сөз көлемі: 1) 170–180 сөз.
2) Сын есімнің салыс тырмалы, күшейтпелі шырайларының түрлерін
қолдану. 3) Суреттің идеясы мен суретші баланың шеберлігі туралы
өз пікірін білдіру.
сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімдер мағынасы мен жасалу жолдарына қа-
рай сапалық (негізгі) сын есім және қатыстық (туынды)
сын есім болып екіге бөлінеді.
сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың
әр алуан сыр-сипатын ешқандай қосымшасыз-ақ білдіретін
сөздерді айтамыз. Мысалы: ақ көйлек, жеңіл көйлек, жібек
көйлек және т.б.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір
заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді
атаймыз. Қатыстық сын есімдер жұрнақтар жалғану арқылы
басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың әртүрлі
белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мыса-
лы: Бала+лы үй базар, бала+сыз үй мазар (мақал); Үйге
ат+ты адам келді; Біз көктем+гі демалысқа шығамыз.
Бақыт – көрген+ді қыз.
7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
«Сурет салуға деген ын ты зар лығым мектепке бармай тұ рып
басталған. Біздің кезімізде бүгін гідей техника жетістіктері жоқ.
Сиясауытымызға құйып алған сиямыз ойнап жүргенде үстімізге
төгіліп, малмандай болатынбыз. Соғыс қасіретінен халықтың
113

